https://sputnik.kz/20260303/shielenis-aymagynan-467-qazaqstandyq-elge-oralady-61591722.html
Шиеленіс аймағынан 467 қазақстандық елге оралады
Шиеленіс аймағынан 467 қазақстандық елге оралады
Sputnik Қазақстан
Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T21:38+0500
2026-03-03T21:38+0500
2026-03-03T21:38+0500
ақш пен иран қақтығысы
эвакуация
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_0:102:980:653_1920x0_80_0_0_1c37484ccf38460453adfb9b74cc54f4.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Шиеленіс аймағынан 467 Қазақстан азаматы елге оралады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.Сейсенбі күні таңертеңгі уақытта 278 қазақстандықтан құралған алғашқы топ Дубайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлерімен бірге Масқатқа қарай көлікпен жолға шықты. БАӘ және Оман шекарасында азаматтарға шекаралық рәсімдерден жедел өтуді қамтамасыз ету үшін консулдық қолдау көрсетілді.Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы "Инчебурун" өткізу пункті арқылы 15 ҚР азаматының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Оларға әрі қарай Ақтау қаласына жетуіне қажетті қолдау көрсетілді.Сондай-ақ, Тегеран және Еревандағы дипломаттар Иран аумағынан "Заркух" компаниясының 35 қызметкерінің Иран-Армения шекарасы арқылы автобуспен шығуына жәрдем көрсетті.
https://sputnik.kz/20260303/tayau-shygystan-qazaqstanga-zholaushylardyn-algashqy-legi-zhetkizildi-61589270.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_20:0:891:653_1920x0_80_0_0_2dafb2d1b8c2f68dafc77175b10c1059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, эвакуация
ақш пен иран қақтығысы, эвакуация
Шиеленіс аймағынан 467 қазақстандық елге оралады
Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Шиеленіс аймағынан 467 Қазақстан азаматы елге оралады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Сейсенбі күні таңертеңгі уақытта 278 қазақстандықтан құралған алғашқы топ Дубайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлерімен бірге Масқатқа қарай көлікпен жолға шықты. БАӘ және Оман шекарасында азаматтарға шекаралық рәсімдерден жедел өтуді қамтамасыз ету үшін консулдық қолдау көрсетілді.
"Кейін осы бағыт бойынша 189 қазақстандықтан тұратын екінші топты ұшыру жоспарланған. Осылайша, жалпы саны 467 Қазақстан азаматы елге оралады", - деп жазылған хабарламада.
Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы "Инчебурун" өткізу пункті арқылы 15 ҚР азаматының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Оларға әрі қарай Ақтау қаласына жетуіне қажетті қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, Тегеран және Еревандағы дипломаттар Иран аумағынан "Заркух" компаниясының 35 қызметкерінің Иран-Армения шекарасы арқылы автобуспен шығуына жәрдем көрсетті.