Иранда АҚШ пен Израильдің мектепке шабуылынан қаза тапқан оқушылар жер қойнына тапсырылды

© Кадр видео из соцсетейНа месте удара по школе на юге Ирана
На месте удара по школе на юге Ирана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Хормозган провинциясының Минаб округінде "Шаджаре Тайебе" қыздар бастауыш мектебіне 28 ақпанда шабуыл жасалды
АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Иранда елдің оңтүстік бөлігіндегі білім беру мекемесіне жасалған шабуылда қаза тапқан оқушы қыздарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости ирандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Көп адам жиналған жерлеу рәсімінің кадрлары интернетте таралып жатыр.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елдің оңтүстігіндегі мектепке жасалған шабуылдан 160-қа жуық адам қаза болуы мүмкін екенін айтқан болатын
Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив өзінің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз кезегінде америкалықтарды қорғауға және Иран Ислам Республикасында билікті өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.
Тегеран бұл елдерді негізсіз агрессия жасады деп айыптады. Мемлекеттік БАҚ азаматтық нысандарға зымыран соққылары жасалғанын хабарлады. Иран өз кезегінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы және Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасады.
Мектепке жасалған шабуыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Иранға жасалған шабуылдан шамамен 170 оқушы мен мұғалім қаза тапты
Жаңалықтар
0