https://sputnik.kz/20260302/toqaev-bakhreynge-zymyranmen-soqqy-zhasaluyna-alandaushylyq-bildirdi-61557668.html
Тоқаев Бахрейнге зымыранмен соққы жасалуына алаңдаушылық білдірді
Тоқаев Бахрейнге зымыранмен соққы жасалуына алаңдаушылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Бахрейн королімен телефон арқылы сөйлесті 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T16:32+0500
2026-03-02T16:32+0500
2026-03-02T16:32+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, Қазақстан қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді.Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады.Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Бахрейнге зымыранмен соққы жасалуына алаңдаушылық білдірді
Мемлекет басшысы Бахрейн королімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, Қазақстан қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады.
Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.