https://sputnik.kz/20260302/mugedekter-men-asyraushysynan-ayyrylgandarga-68-mlrd-tenge-tolendi-61558625.html
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 68 млрд теңге төленді
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 68 млрд теңге төленді
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап 10%-ға өсті 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T22:16+0500
2026-03-02T22:16+0500
2026-03-02T22:16+0500
мүгедек
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744913_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_dda7730f1b5f9765189c1ba80d8357da.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылған тұрғындарға 68 млрд теңгеден астам сомада жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Атап айтқанда мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге бөлінді. Оған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 8,9 млрд теңге әлеуметтік төлем жасалды.Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті.Үкіметтің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.Осылайша, биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері:2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 54 742 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 55 800 теңгені құрайды.
https://sputnik.kz/20260102/2026-zhyly-kopbalaly-otbasylarga-beriletin-zhardemaqy-molsheri-qansha---infografika-59930837.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744913_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_18a2faa002dc568c4b6c2bc1a8efae4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүгедек, жәрдемақы
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 68 млрд теңге төленді
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап 10%-ға өсті
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылған тұрғындарға 68 млрд теңгеден астам сомада жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Атап айтқанда мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге бөлінді. Оған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 8,9 млрд теңге әлеуметтік төлем жасалды.
"2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) алушылар саны шамамен 545,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адамды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті.
Үкіметтің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.
Осылайша, биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері:
1-топ үшін – 111 873 теңгені,
2-топ үшін – 89 498 теңгені,
3-топ үшін – 61 022 теңгені құрайды.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 54 742 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 55 800 теңгені құрайды.