Израиль Ливанда әскери операцияны бастады

© Sputnik / Михаил Алаеддин / Медиабанкке өтуБейрут
Бейрут - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Жазылу
Бүгін Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Израильдің соққыларынан кейін 31 адамның қайтыс болғанын хабарлады
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Израиль қорғаныс армиясы бас штабының бастығы Эяль Замир Ливанда "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуылдау операциясының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін ЦАХАЛ "Хезболла" қозғалысының Ливандағы нысандарына бірнеше соққы жасаған болатын. Соның ішінде қару-жарақ қоймалары мен инфрақұрылым нысандары бар.
Енді шабуылдау операциясы басталды.
"Біз "Хезболлаға" қарсы шабуылдау операциясын бастадық... Біз қорғанып қана қоймай, шабуыл да жасап жатырмыз. Ұзақ күндік ұрыстарға (солтүстік майданда - Sputnik) дайындалу керек", - деді Замир әскерилермен өткізген кеңесте.
Айта кетері, бүгін Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Израильдің соққыларынан кейін 31 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, 149 адам жарақат алды.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2026
АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастады - Трамп
Жаңалықтар
0