https://sputnik.kz/20260301/shymkentte-alayaq-quny-25-mln-aqsh-dollaryn-quraytyn-biznesti-iemdenip-ketken-61524934.html
Шымкентте алаяқ құны 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденіп кеткен
Шымкентте алаяқ құны 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденіп кеткен
Sputnik Қазақстан
ІІМ Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті 01.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-01T14:52+0500
2026-03-01T14:52+0500
2026-03-01T14:52+0500
алаяқ
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Шымкентте құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті алаяқтық жолмен иемденген күдікті ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі. "Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған. Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған", - делінген хабарламада. Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті бұрынғы иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.Жедел іс-шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20260213/almatyda-zhuzdegen-adamdy-8-zhyl-boyy-aldagan-alayaq-ustaldy-61134077.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, шымкент
Шымкентте алаяқ құны 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденіп кеткен
ІІМ Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Шымкентте құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті алаяқтық жолмен иемденген күдікті ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
"Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған. Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған", - делінген хабарламада.
Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті бұрынғы иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.
Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.