Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев1 наурыз - күнтізбе
1 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Жазылу
1 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

1 наурызда қандай мереке аталып өтеді

Қазақстанда бүгін Алғыс айту күні тойланады. Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнді, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
"Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", - деген болатын Назарбаев Ассамблея сессиясында.
Сондай-ақ бүгін Халықаралық қошемет сөздер (комплимент) күні аталып өтеді. Бұл күні арнайы акциялар мен флэш-мобтар өткізіліп, адамдар бір-біріне жылы сөздер айтады. Мамандардың пікірінше, көптеген адам өзгеге комплимент айтуға ұялады немесе қорқады екен. Өйткені біреуге қошемет сөз айту – бұл өнер. Мақтау сөз нақты фактіге негізделуі керек, әйтпесе ол кәдімгі жағымпаздық болып шыға келеді. Психологтар бұл өнерді меңгеруді өзіңнен бастауға кеңес береді. Күнде таңертең айнаның алдына тұрып, өзің туралы жақсы сөздер айтып, көңіл-күйді көтерудің шарапаты мол.
Бүгін - Дүниежүзілік иммунитет күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мерекені 2002 жылы бекітті. Ұйқының бұзылуы, дұрыс тамақтанбау, қоршаған ортаның ластануы және салауатты өмір салтын ұстанбау - мұның бәрі ағза үшін стресс және иммундық функцияның төмендеуіне әкеледі.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні – 1990 жылы бекітілген бұл күні азаматтық қорғаныс күштері апаттар немесе жазатайым оқиғалар кезінде халықтың өзін-өзі қорғауға дайындығын арттыру мақсатында әлем жұртшылығының назарын аудару мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді.

1 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1555 жылы Нострадамус сәуегейлік кітабын жариялады;
1562 жылы Францияда діни соғыс басталды. Франсуа де Гиз напал Васси деген жерде құдайға құлшылық жасап жатқан гугеноттарға шабуыл жасады;
1565 жылы Бразилияда Рио-де-Жанейро португалиялық колониясының негізі қаланды. 20 жылдан кейін қала тұрғындарының саны төрт мыңға жетті;
1869 жылы Дмитрий Менделеев элементтер жүйесінің кестесін құрастырды.

1 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1972 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды;
1993 жылы Алматыдағы Космонавтар көшесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді;
1995 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды;
1999 жылы "Отан" республикалық партиясы құрылды. 2006 жылы кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен "Отан" партиясы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партияға айналды;
1999 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе болып өзгертілді.

1 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1810 жылы поляк композиторы және әйгілі пианист, педагог Фредерик Шопен дүниеге келді;
1949 жылы швед және фин актері Томас Лаустиола дүниеге келді;
1980 жылы ресейлік актриса, тележүргізуші, әнші Анна Семенович дүниеге келді;
1994 жылы канадалық поп-R&B-әнші, музыкант, актер Джастин Бибер дүниеге келді.

1 наурызда Қазақстанда кім туды

1910 жылы профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Сыбағатолла Қарынбаев дүниеге келді;
1948 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаев дүниеге келді;
1959 жылы дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымының бұрынғы бас хатшысы Бағдат Әміреев дүниеге келді;
1973 жылы саясаттанушы, журналист Талғат Қалиев дүниеге келді;
1976 жылы экс-депутат, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғаров дүниеге келді.
Жаңалықтар
0