Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

© Photo : КНБ КазахстанаНарколабораторию ликвидировали в Акмолинской области
Нарколабораторию ликвидировали в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2026
Жазылу
40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді.
Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Прекурсорларды жеткізу арналары анықтап жатыр.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Қарағандыда күніне 30 есірткі орамасын жасырған студент 15 жылға сотталды
Жаңалықтар
0