Иран 200-ге жуық америкалық әскери қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді

© REUTERS / VIDEO OBTAINED BY REUTERSДым на месте удара в Манаме, Бахрейн
Дым на месте удара в Манаме, Бахрейн - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Иран Ислам революциясының сақшылар корпусы Тегеранның АҚШ базаларына зымырандық шабуылдары кезінде кемінде 200 америкалық әскери қызметші қаза тауып, жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости ирандық Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"АҚШ базаларына жасалған зымырандық соққылардан кем дегенде 200 америкалық әскери қаза тауып, жараланды", - делінген Иран Ислам революциясының сақшылар корпусының мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Америка мен Израильдің Иранға бағытталған бірқатар зымырандары Ирак пен Парсы шығанағы елдерінің шөл және қала аймақтарына түсіп, нысанаға жете алмағанын алға тартты.
Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға бірнеше соққы жасады, салдарынан бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына жауап ретінде зымыранмен соққы жасады.
Дым поднимается над горизонтом после взрыва в Тегеране, Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2026
Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қазақстандықтар туралы хабарлады
Жаңалықтар
0