https://sputnik.kz/20260227/turkistanda-darigerler-er-adamnyn-qugynan-80-tas-alyp-shyqty-61493015.html
Түркістанда дәрігерлер ер адамның қуығынан 80 тас алып шықты
Түркістанда дәрігерлер ер адамның қуығынан 80 тас алып шықты
Sputnik Қазақстан
Науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T17:57+0500
2026-02-27T17:57+0500
2026-02-27T18:33+0500
түркістан
операция
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015754_0:203:1280:923_1920x0_80_0_0_b97a291f560844d70799bd426c1aa0e9.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістанда 61 жастағы ер адамның қуығынан 80 тас шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Ер адамның біраз уақыт қуығы ауырған. Ол кіші дәретке барғанда ашыту, ауырсыну сияқты жайсыздық сезінген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен ауру мазалағанын қоймаған.Түркістан қалалық орталық ауруханасында дәрігерлер кешенді диагностикалық зерттеу жүргізіп, қуығында көп мөлшердегі тасты анықтаған."Науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни терісі 1 см ғана кесіліп жасалды. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Хирургиялық ота сәтті өтті", - дейді дәрігерлер.Операциядан кейін науқас тез оңалған. 3 тәулікте урологиялық катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң нәтижемен үйіне шығарылды.
https://sputnik.kz/20251217/aqtauda-darigerler-klinikalyq-olim-kuyine-tusken-nauqasqa-kurdeli-otany-satti-zhasap-shyqty-59667647.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015754_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_293ae7e1c672b6f2e4374f1217b34475.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, операция, дәрігер
түркістан, операция, дәрігер
Түркістанда дәрігерлер ер адамның қуығынан 80 тас алып шықты
17:57 27.02.2026 (жаңартылды: 18:33 27.02.2026) Науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістанда 61 жастағы ер адамның қуығынан 80 тас шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ер адамның біраз уақыт қуығы ауырған. Ол кіші дәретке барғанда ашыту, ауырсыну сияқты жайсыздық сезінген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен ауру мазалағанын қоймаған.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында дәрігерлер кешенді диагностикалық зерттеу жүргізіп, қуығында көп мөлшердегі тасты анықтаған.
"Науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни терісі 1 см ғана кесіліп жасалды. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Хирургиялық ота сәтті өтті", - дейді дәрігерлер.
Операциядан кейін науқас тез оңалған. 3 тәулікте урологиялық катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң нәтижемен үйіне шығарылды.