https://sputnik.kz/20260227/toqaev-serbiya-prezidentin-altyn-qyran-ordenimen-marapattady-61489325.html
Тоқаев Сербия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Тоқаев Сербия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Сербия... 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T14:36+0500
2026-02-27T14:36+0500
2026-02-27T14:54+0500
қасым-жомарт тоқаев
марапат
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61489639_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_42b3adf668c0dcd76030bab92bcd1683.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Сербия президенті Александр Вучичті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Бүгін президенттер екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етіп жатқанын атап өтті. Кеше өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесінің нәтижесі сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді.Сербия президенті қазақстандық компаниялардың ортақ жобаларға, әсіресе, құрылыс саласына қосар үлесін арттыруға мүдделі екенін жеткізді.Ол Сербияға Қазақстанның сенімді құрылыс компаниялары мен инвесторлары келгенін қалайтынын жасырмады.Сербия президенті қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталығы секілді бағыттарда өзара ықпалдастықты арттыруға зор әлеует бар екеніне назар аударды.Сонымен қатар ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, мұны әлемдегі өсіп-өркендеудің үлгісі деп атады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61489639_76:0:1204:846_1920x0_80_0_0_6a2e70ce9ec7f6cec9bc4b6c0b83cfd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, марапат
қасым-жомарт тоқаев, марапат
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Сербия президенті Александр Вучичті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін президенттер екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етіп жатқанын атап өтті. Кеше өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесінің нәтижесі сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді.
Сербия президенті қазақстандық компаниялардың ортақ жобаларға, әсіресе, құрылыс саласына қосар үлесін арттыруға мүдделі екенін жеткізді.
"Біз Қазақстан ұсынған бірқатар бастаманы жүзеге асыруға әзірміз. Бұл Сербияда ғана емес, Еуропаның аталған аймағындағы маңдайалды жобалар болмақ. Сондай-ақ қазақстандық SCAT компаниясына әуе кеңістігінде бесінші деңгейлі еркіндік беру мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ортақ іс-қимыл арқылы аталған мәселені шеше алатынымызға сенімдімін, – деді Александр Вучич.
Ол Сербияға Қазақстанның сенімді құрылыс компаниялары мен инвесторлары келгенін қалайтынын жасырмады.
"Бұл еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсартып қана қоймай, өзара мәдени, туристік байланыстарды жандандыруға да септігін тигізеді", – деп толықтырды Вучич.
Сербия президенті қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталығы секілді бағыттарда өзара ықпалдастықты арттыруға зор әлеует бар екеніне назар аударды.
Сонымен қатар ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, мұны әлемдегі өсіп-өркендеудің үлгісі деп атады.