https://sputnik.kz/20260227/elektr-symyndagy-muzdy-zhalan-qolmen-tazartqan-politseylerdin-areketi-kopti-suysintti-61488774.html
Электр сымындағы мұзды жалаң қолмен тазартқан полицейлердің әрекеті көпті сүйсінтті
Электр сымындағы мұзды жалаң қолмен тазартқан полицейлердің әрекеті көпті сүйсінтті
Sputnik Қазақстан
Оқиғаны жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер видеоға түсіріп алған 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T14:12+0500
2026-02-27T14:12+0500
2026-02-27T14:15+0500
қызылорда облысы
полиция
полицей
мұз
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14778602_0:296:3072:2024_1920x0_80_0_0_9d8eb83dd6146a5ea32662e77f023d9c.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысында полиция қызметкерлері электр сымдарына қатқан мұзды қолмен тазартып жатқаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақтан.Оқиға 26 ақпанда болған.Жалаң қолмен мұзды тазалап жүргендер – полиция аға лейтенанты Жолдас Нұрлыбек пен полиция лейтенанты Жақсыбай Әсет. Олар электр сымдарына қатқан мұзды түсіріп, жол қозғалысына төнген қауіпті жойды.Әлеуметтік желіде полицейлерге алғыс айтқан адамның қарасы көп. Кейбірі полицияны тоқ соғып алмады ма екен деп алаңдап жатыр.Қызылорда облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 25-26 ақпанда "Қарабұтақ-Шымкент- Қызылорда" автожолы, яғни Ақтөбе шекарасынан Түркістан шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік құралы үшін уақытша шектеу қойылды.Автожол бойынан 14 жерден уақытша тұрақты бекеттер ашылып, жақын жерлерде орналасқан тұрақтарға, кемпингтерге және қонақ үйлерге көлік құралдары кіргізілді. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге сақтық шараларын ескертті.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14778602_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_decb37b3fabd529d3255d5967006f1cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, полиция, полицей, мұз
қызылорда облысы, полиция, полицей, мұз
Электр сымындағы мұзды жалаң қолмен тазартқан полицейлердің әрекеті көпті сүйсінтті
14:12 27.02.2026 (жаңартылды: 14:15 27.02.2026) Оқиғаны жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер видеоға түсіріп алған
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысында полиция қызметкерлері электр сымдарына қатқан мұзды қолмен тазартып жатқаны жайлы
видео тарады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақтан. "Олар Жалағаш кенті Қазыбек би көшесінің бойында ауа райының қолайсыздығынан электр сымдарына қатып қалған мұзды тазартты. Өйткені электр сымдары төмен түсіп, жүк көліктерінің қозғалысына кедергі болған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Жалаң қолмен мұзды тазалап жүргендер – полиция аға лейтенанты Жолдас Нұрлыбек пен полиция лейтенанты Жақсыбай Әсет. Олар электр сымдарына қатқан мұзды түсіріп, жол қозғалысына төнген қауіпті жойды.
Әлеуметтік желіде полицейлерге алғыс айтқан адамның қарасы көп. Кейбірі полицияны тоқ соғып алмады ма екен деп алаңдап жатыр.
"Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби іс-әрекетінің нәтижесінде көлік қозғалысы қалпына келтірілді", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қызылорда облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 25-26 ақпанда "Қарабұтақ-Шымкент- Қызылорда" автожолы, яғни Ақтөбе шекарасынан Түркістан шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік құралы үшін уақытша шектеу қойылды.
Автожол бойынан 14 жерден уақытша тұрақты бекеттер ашылып, жақын жерлерде орналасқан тұрақтарға, кемпингтерге және қонақ үйлерге көлік құралдары кіргізілді. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге сақтық шараларын ескертті.