ЕАЭО елдері ғылыми дәреже мен атақтарды өзара мойындайды

© Photo : Пресс-служба МВД РКСпециалист в лаборатории МВД Казахстана
Специалист в лаборатории МВД Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2026
Жазылу
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында одақ елдері келісімге қол қояды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. ЕАЭО елдерінің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері басқа одақ елінде жұмысқа орналасқанда бұрын алған ғылыми атақтарын қайта растаудан босатылады.
Бұл шешім Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қабылданды. Келісімге 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, елдер интернеттегі қарақшылыққа қарсы күресті күшейтуді көздеп отыр.
"Отырыс қатысушылары Интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты үйлестірілген шаралар жөніндегі келісім жобасын мақұлдады. Құжаттың мақсаты — ЕАЭО елдерінің онлайн пираттыққа қарсы күштерін біріктіру және "бес елдің" құқық иелері үшін жағдай жасау", — деп хабарлады Ресей Экономикалық даму министрлігі.
"ЕАЭО елдері (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения) біртұтас білім кеңістігін қалыптастырып жатыр. Маңызды құралдардың бірі — Еуразиялық желілік университет: бұл халықаралық білім беру платформасы одаққа мүше 40-тан астам жетекші университетті біріктіріп, мамандарды бірлесіп оқытуға, академиялық алмасуды ұйымдастыруға және халықаралық білім беру бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді", — делінген министрлік хабарламасында.
Жаңалықтар
0