https://sputnik.kz/20260227/aqtobe-oblysynda-oqushy-zhukti-bolyp-qaldy-61487727.html
Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалды
Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалды
Sputnik Қазақстан
Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T13:38+0500
2026-02-27T13:38+0500
2026-02-27T13:38+0500
ақтөбе
жүктілік
оқушы қыз
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_a400e8957f4419e15d58a790597580d0.jpg
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысында жоғарғы сынып оқушысы жүкті болып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Білім басқармасы оқушы түнгі рейдтер кезінде бірнеше рет ұсталғанын атап өтті.Оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Соның нәтижесінде жүкті екені анықталған.Бала құқықтарын қорғау басқармасы Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.Полиция қылмыстық іс қозғаған."Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өзі бақылауына алды.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_264:0:985:541_1920x0_80_0_0_b2e46999dc45396183104164e11c9ebc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, жүктілік, оқушы қыз
ақтөбе, жүктілік, оқушы қыз
Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалды
Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысында жоғарғы сынып оқушысы жүкті болып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Білім басқармасы оқушы түнгі рейдтер кезінде бірнеше рет ұсталғанын атап өтті.
"Бұл оқиғаға дейін білім беру мекемесі тарапынан барлық тиісті шара қабылданған. Жүргізілген түнгі рейдте кәмелетке толмаған тұрғынның бірнеше рет ұсталғаны анықталды. Ата-анасына сол кезде ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынған", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
Оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Соның нәтижесінде жүкті екені анықталған.
Бала құқықтарын қорғау басқармасы Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.
"Басым бағыт – кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау, оған қажетті психологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Тексерілмеген ақпарат пен балалардың жеке деректерін таратудан бас тартуды сұраймын. Оқиғаға қатысты мәліметті жария түрде талқылау кәмелетке толмаған қызға зиян келтіруі мүмкін", - дейді Бала құқықтарын қорғау басқармасы.
Полиция қылмыстық іс қозғаған.
"Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өзі бақылауына алды.