Қазақстанда алғашқы гидрометаллургиялық комбинат салынып жатыр

© PhotoНа металлургическом комбинате Qarmet успешно завершён капитальный ремонт конвертера
На металлургическом комбинате Qarmet успешно завершён капитальный ремонт конвертера - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Жазылу
Ол жылына 300 мың тоннаға дейін құрамында алтын бар концентрат өңдейді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда халықаралық банктің қолдауымен алғашқы гидрометаллургиялық комбинаттың құрылысы басталды.
Қазақстандық алтын өндіруші Solidcore Resources plc компаниясы халықаралық KfW IPEX-Bank банкінің қолдауымен "Ертіс" гидрометаллургиялық комбинатын салып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Комбинат жылына 300 мың тоннаға дейін құрамында алтын бар концентрат өңдеп, 500 мың унцияға дейін доре құймасын өндіреді, бұл жартылай фабрикат кейіннен тазартылып, таза алтынға айналдырылады.
Катодты мыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Қазақстан түсті металл дайындамаларын елден шығаруға тыйым салды
Жаңалықтар
0