https://sputnik.kz/20260226/darigerler-diagnoz-tappay-zhatyr-qyzylordalyq-zhetkinshek-ush-zhyldan-beri-uyyqtay-almay-zhur-61467111.html
"Дәрігерлер диагноз таппай жатыр": қызылордалық жеткіншек үш жылдан бері ұйықтай алмай жүр
"Дәрігерлер диагноз таппай жатыр": қызылордалық жеткіншек үш жылдан бері ұйықтай алмай жүр
Sputnik Қазақстан
Үш жыл бойы тоқтаусыз дәрі ішіп жатқан баланың жағдайы нашарлап барады дейді анасы 26.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-26T20:07+0500
2026-02-26T20:07+0500
2026-02-26T21:05+0500
қызылорда
жеткіншек
ұйқы
https://sputnik.kz/img/259/98/2599811_0:145:1921:1225_1920x0_80_0_0_8eb378c28ef967bdf1cac73350b8f5a2.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Қызылордада 10 жастағы Әлинұр Рахым үш жылдан бері ұйықтай алмай жүр. Балама ем табылмай жатыр деген анасы Айнаш Қайыпбаева Sputnik Қазақстанға сұхбат берді.Амалы таусылған ана баласын 3 айда бір келіп қабылдайтын ташкенттік дәрігерге де қаратқан."Ол дәрігер маған балада асқынған гипоксия деді. Бала туылғанда травмамен туылған, соның салдары бар, емдету керек деді. Ол кісінің берген емін алсақ бала басында жақсы ұйықтай бастайды, кейіннен әсер етпей қалады. Біздің жергілікті дәрігерлердің берген емін де қабылдап келеміз, дәл солай, басында жақсы соңында әсер етпейді. Жалпы балама ем болмай тұр", - дейді Айнаш.Айнаштың баласын жетектеп тәуіп аралаған кезі де болған. Одан да қайыр жоқ. Отбасында екі бала бар, үлкені 12 жаста, өкінішке орай ол церебральды сал ауруымен ауырады. Екіншісі Әлинұр, ол ұйқыдан зардап шегіп жүр. Айнаш күйеуімен 9 жыл бұрын ажысарып кеткен. Бүгінде отбасы 190 мың теңге төлемақы алады. 30 мың теңге көмекті Әлинұрдың әжесі, яғни әкесінің анасы ай сайын зейнетақысынан салып тұрады.Қызылордалық дәрігерлер баланы Астанаға жіберу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ балада нақты диагноз болмағандықтан, Астаналық дәрігерлер қабылдамаймыз депті, дейді Айнаш Қайыпбаева."Диагноз сол күйі табылмады. Биыл 8 қаңтарда облыстық балалар ауруханасына жатқызды. Баланы күндіз-түні бақылайтындай етіп камера қосып берді. 15 қаңтарда консилиум жасап, балаңыздан ешбір ақау көрмедік деді. Камераны ашыңыздар деп едім, біздің уақытымыз жоқ деді. Онда неге қоясыздар оны деп едім, сізді демалсын дегенбіз деді дәрігерлер. Мені тіпті тыңдамады да", - дейді Айнаш Қайыпбаева.Үш жыл бойы тоқтаусыз дәрі ішіп жатқан баланың жағдайы нашарлап барады дейді анасы. Не диагнозы қойылмай, не Астанаға барып тексеріле алмай, кімнен көмек сұрарын білмей дал.Sputnik Қазақстан тілшісі Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мән-жайд сұрады. Бірақ ведомство қандай да бір уәж айтпады.
https://sputnik.kz/20260226/agay-tiisti-shymkentte-mugalim-7-zhastagy-oqushyga-zorlyq-zhasady-degen-kudikke-ilindi-61457236.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/259/98/2599811_46:0:1873:1370_1920x0_80_0_0_9e69bd2db0de48353d4c8b853d183347.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қызылорда, жеткіншек, ұйқы
қызылорда, жеткіншек, ұйқы
"Дәрігерлер диагноз таппай жатыр": қызылордалық жеткіншек үш жылдан бері ұйықтай алмай жүр
20:07 26.02.2026 (жаңартылды: 21:05 26.02.2026) Үш жыл бойы тоқтаусыз дәрі ішіп жатқан баланың жағдайы нашарлап барады дейді анасы
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Қызылордада 10 жастағы Әлинұр Рахым үш жылдан бері ұйықтай алмай жүр. Балама ем табылмай жатыр деген анасы Айнаш Қайыпбаева
Sputnik Қазақстанға сұхбат берді.
"Балам туылғанда гипоксия болды. Неврологиялық аурумен ауырған. Соңғы үш жылда ұйқымен проблема басталды. Әу баста түнде оянып кете беретін. Басын МРТ-ға түсіріп, анализдер тапсырдық. Барлық сараптама жақсы шықты. Бірақ баламның жағдайы төмендей берді, ұмытшақ, ашуланшақ. Ол он минут қана ұйықтауы мүмкін, бір сағат ұйықтауы мүмкін. Бірақ адам сияқты түнде жатып ұйықтауды білмейді", - дейді Айнаш Қайыпбаева.
Амалы таусылған ана баласын 3 айда бір келіп қабылдайтын ташкенттік дәрігерге де қаратқан.
"Ол дәрігер маған балада асқынған гипоксия деді. Бала туылғанда травмамен туылған, соның салдары бар, емдету керек деді. Ол кісінің берген емін алсақ бала басында жақсы ұйықтай бастайды, кейіннен әсер етпей қалады. Біздің жергілікті дәрігерлердің берген емін де қабылдап келеміз, дәл солай, басында жақсы соңында әсер етпейді. Жалпы балама ем болмай тұр", - дейді Айнаш.
Айнаштың баласын жетектеп тәуіп аралаған кезі де болған. Одан да қайыр жоқ. Отбасында екі бала бар, үлкені 12 жаста, өкінішке орай ол церебральды сал ауруымен ауырады. Екіншісі Әлинұр, ол ұйқыдан зардап шегіп жүр. Айнаш күйеуімен 9 жыл бұрын ажысарып кеткен. Бүгінде отбасы 190 мың теңге төлемақы алады. 30 мың теңге көмекті Әлинұрдың әжесі, яғни әкесінің анасы ай сайын зейнетақысынан салып тұрады.
"Қандай ем болсын уқытша ғана әсер етеді. Үшінші сыныпқа келгенде баламның дене қозғалысы тоқтамайтын болды. Ары кетсе 5 минут жатады, сосын қозғала береді. Отырады, тұрады, жатады, қайталай береді. Тағы да анализдер тапсырып, басын компьютерге түсірдік. Кейде балам ұйқым келіп жатыр деп жылайды", - дейді Айнаш.
Қызылордалық дәрігерлер баланы Астанаға жіберу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ балада нақты диагноз болмағандықтан, Астаналық дәрігерлер қабылдамаймыз депті, дейді Айнаш Қайыпбаева.
"Диагноз сол күйі табылмады. Биыл 8 қаңтарда облыстық балалар ауруханасына жатқызды. Баланы күндіз-түні бақылайтындай етіп камера қосып берді. 15 қаңтарда консилиум жасап, балаңыздан ешбір ақау көрмедік деді. Камераны ашыңыздар деп едім, біздің уақытымыз жоқ деді. Онда неге қоясыздар оны деп едім, сізді демалсын дегенбіз деді дәрігерлер. Мені тіпті тыңдамады да", - дейді Айнаш Қайыпбаева.
Үш жыл бойы тоқтаусыз дәрі ішіп жатқан баланың жағдайы нашарлап барады дейді анасы. Не диагнозы қойылмай, не Астанаға барып тексеріле алмай, кімнен көмек сұрарын білмей дал.
Sputnik Қазақстан тілшісі Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мән-жайд сұрады. Бірақ ведомство қандай да бір уәж айтпады.