432 мың теңге бір реттік төлемақы беріледі - министрлік түсініктемесі

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Жазылу
Бұл төлем 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен болған отбасыларға беріледі делінген
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 432 мың теңге бір реттік төлемақы беріледі деген хабарлама тарады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен болған отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз", - дейді министрлікте.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады, дейді ведомствода.
Әскерге қандай жағдайда күштеп әкетеді - министрлік түсініктемесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Әскерге қандай жағдайда күштеп әкетеді - министрлік түсініктемесі
Жаңалықтар
0