ЕАЭО ақылды көлік жүйесінің өзара іс-қимылын жетілдіруді жалғастырып жатыр

© Photo : Акимат Восточно-Казахстанской области Участок автодороги международного значения "Омск-Майкапчагай" на отрезке "Калбатау -Майкапчагай"
Участок автодороги международного значения Омск-Майкапчагай на отрезке Калбатау -Майкапчагай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Жазылу
ЕАЭО елдерінің ақылды көлік жүйесінің өзара іс-қимылы бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО елдерінің ақылды көлік жүйесінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын іске асыруға арналған жол картасын бекітті.
"Құжатта ЕАЭО елдерінің ақылды көлік жүйесінің (АКЖ) өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды құрудың озық тәжірибесін енгізу бойынша нақты іс-шаралар қарастырылған. АКЖ ЕАЭО-ның Интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында өзара әрекет етеді", – делінген хабарламада.
"Жоспарда базалық сервистер тізбесін айқындау, деректер алмасу форматтарын әзірлеу, нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру және өзара іс-қимылды іс жүзінде ұйымдастыру көзделген", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
ЕАЭО елдерінің ақылды көлік жүйесінің өзара іс-қимылы тасымалдаушыларға ауа райы жағдайлары, ықтимал кептелістер мен жол апаттары туралы стандартталған ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға жол ашады.
Жаңалықтар
0