https://sputnik.kz/20260225/batys-qazaqstanda-zhol-zhondeuge-bolingen-56-mln-tenge-zhymqyrylgan-61435272.html
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56 млн теңге жымқырылған
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56 млн теңге жымқырылған
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке 56,5 млн теңге материалдық залал келтірілген 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T12:26+0500
2026-02-25T12:26+0500
2026-02-25T12:26+0500
батыс қазақстан облысы
тас жол
жол
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488855_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_baff9e49bdaf2a0b0fc8f6c9f28d7f4c.jpg
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.2023 жылдың наурызында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мен "Сапак" өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына шарт жасалған.Тапсырыс беруші жалған актілер жасап, бюджет қаражатын "Сапак" ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Салдарынан мемлекетке 56,5 млн теңге материалдық залал келтірілген.Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.Бұдан бөлек, бұған дейін сот үкімімен "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488855_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0dbdb7fc2457c4a69a0a8a57522c9135.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, тас жол, жол
батыс қазақстан облысы, тас жол, жол
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56 млн теңге жымқырылған
Мемлекетке 56,5 млн теңге материалдық залал келтірілген
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
2023 жылдың наурызында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мен "Сапак" өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына шарт жасалған.
"Алайда "Сапак" ӨК директоры "Ак-Би" ЖШС-нің директорымен сөз байласып, сеніп тапсырылған қаражатты иемдену схемасын ұйымдастырған. Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтерді жүйелі түрде енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу және басқа да жол жұмыстары толық көлемде көрсетілгенімен, іс жүзінде олар орындалмаған немесе әлдеқайда аз көлемде атқарылған", - дейді агенттік.
Тапсырыс беруші жалған актілер жасап, бюджет қаражатын "Сапак" ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Салдарынан мемлекетке 56,5 млн теңге материалдық залал келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұдан бөлек, бұған дейін сот үкімімен "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.