https://sputnik.kz/20260225/aqsh-kievten-kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-shabuyldy-toqtatudy-talap-etti-61429439.html
АҚШ Киевтен Каспий құбыр консорциумына шабуылды тоқтатуды талап етті
АҚШ Киевтен Каспий құбыр консорциумына шабуылды тоқтатуды талап етті
Sputnik Қазақстан
Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы тасымалданады 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T10:10+0500
2026-02-25T10:10+0500
2026-02-25T10:11+0500
қазақстан
мұнай
https://sputnik.kz/img/245/04/2450421_0:0:3968:2232_1920x0_80_0_0_899fa206ff0bb76c5e206f6dea59206d.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Украина үкіметіне 2025 жылдың қарашасында Ресейдің Қара теңіздегі мұнай нысанына жасалған соққы АҚШ инвестициясына әсер еткенін ескертті.Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина CNN телеарнасына хабарлады.Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік департаменттің жолдауында қазіргі уақытта АҚШ-тың Украинадағы экономикалық мүддесі Қазақстандағыдай деңгейде емес екені аталып өткен.Стефанишина тәуелсіздіктің 35 жылында қаншама мүмкіндік болғанына қарамастан Украина осы деңгейге жете алмағанын айтты.Америкалық Chevron компаниясы Каспий мұнай құбыры консорциумының (КҚК) ірі акционері болып отыр. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайы Қара теңізге жеткізіліп, экспортқа шығарылады.2025 жылдың 29 қарашасында Украина КҚК теңіз терминалына шабуыл жасады. Сол кезде мұнай тиейтін үш айлақтың бірі зақымданды. 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның энергетика министрлігі республика шамамен 3,8 млн тонна экспорттық мұнайдан айырылғанын хабарлады.Каспий мұнай құбыры консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80%-ы экспортқа шығарылады, ал мұнай ел бюджетіндегі негізгі кіріс көзі болып саналады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/245/04/2450421_460:0:3436:2232_1920x0_80_0_0_2cb45cf5008e69e814ac03dcb96a32b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, мұнай
АҚШ Киевтен Каспий құбыр консорциумына шабуылды тоқтатуды талап етті
10:10 25.02.2026 (жаңартылды: 10:11 25.02.2026) Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы тасымалданады
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Украина үкіметіне 2025 жылдың қарашасында Ресейдің Қара теңіздегі мұнай нысанына жасалған соққы АҚШ инвестициясына әсер еткенін ескертті.
Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина CNN телеарнасына хабарлады.
"Біз Украинаның Новороссийскідегі теңіз терминалына жасаған шабуылы Қазақстан арқылы жүзеге асырылатын кейбір америкалық инвестицияға әсер еткенін естідік. Мемлекеттік департамент бізге АҚШ мүддесіне шабуыл жасамау керектігін ескертті", – деді елші.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік департаменттің жолдауында қазіргі уақытта АҚШ-тың Украинадағы экономикалық мүддесі Қазақстандағыдай деңгейде емес екені аталып өткен.
Стефанишина тәуелсіздіктің 35 жылында қаншама мүмкіндік болғанына қарамастан Украина осы деңгейге жете алмағанын айтты.
Америкалық Chevron компаниясы Каспий мұнай құбыры консорциумының (КҚК) ірі акционері болып отыр. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайы Қара теңізге жеткізіліп, экспортқа шығарылады.
2025 жылдың 29 қарашасында Украина КҚК теңіз терминалына шабуыл жасады. Сол кезде мұнай тиейтін үш айлақтың бірі зақымданды. 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның энергетика министрлігі республика шамамен 3,8 млн тонна экспорттық мұнайдан айырылғанын хабарлады.
Каспий мұнай құбыры консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80%-ы экспортқа шығарылады, ал мұнай ел бюджетіндегі негізгі кіріс көзі болып саналады.