https://sputnik.kz/20260224/ukimet-sudy-tutynu-limitterin-bekitti-61403134.html
Үкімет суды тұтыну лимиттерін бекітті
Үкімет суды тұтыну лимиттерін бекітті
Sputnik Қазақстан
Оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларына 23,4 млрд текше метр су жиналды 24.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-24T10:50+0500
2026-02-24T10:50+0500
2026-02-24T10:52+0500
ауыз су
ағын су
су деңгейі
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0474af17dba555b33ef7c556f43a6e.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Үкімет тұрақты вегетациялық кезеңді қамтамасыз ету үшін суды тұтыну лимиттерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы вегетациялық кезеңге дайындықтың кешенді жоспарын ұсынды.Үкімет отырысында оңтүстік өңірлердегі диқандардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, басқарудың цифрлық құралдарын енгізу және ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы министр Нұржан Нұржігітов баяндады.Министрлік маусымға дайындық шеңберінде оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларын толтыру жұмыстарын жүргізуде, бүгінде онда 23,4 млрд текше метр су жиналды. Вегитациялық кезеңді тиімді өткізу үшін еліміздің 5 өңірінде су пайдалану лимиттері белгіленді:Инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы жылы 394 гидротехникалық құрылысжайды жөндеу және 2,2 мың шақырымнан астам каналды тазалау жоспарлануда. Жаңа жобалар бойынша да жұмыстар жүруде. Инвестиция тарту есебінен Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды, сондай-ақ Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және оңтүстіктің бес облысында 103 каналды автоматтандыру жүзеге асырылуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4ca45bc049ba01695f88f0727cc87839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, ағын су, су деңгейі, үкімет
ауыз су, ағын су, су деңгейі, үкімет
Үкімет суды тұтыну лимиттерін бекітті
10:50 24.02.2026 (жаңартылды: 10:52 24.02.2026) Оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларына 23,4 млрд текше метр су жиналды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Үкімет тұрақты вегетациялық кезеңді қамтамасыз ету үшін суды тұтыну лимиттерін бекітті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы вегетациялық кезеңге дайындықтың кешенді жоспарын ұсынды.
Үкімет отырысында оңтүстік өңірлердегі диқандардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, басқарудың цифрлық құралдарын енгізу және ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы министр Нұржан Нұржігітов баяндады.
"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде соңғы 2 айда су жинау динамикасы артып, қосымша 1,5 млрд текше метр көлемінде өсім қамтамасыз етілді. Өзен бассейндеріндегі ахуалға тұрақты мониторинг жүргізілуде, дәл қазіргі басты міндет – бекітілген лимиттерді қатаң сақтау және су үнемдеу технологияларына көшу", — деді Нұржігітов.
Министрлік маусымға дайындық шеңберінде оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларын толтыру жұмыстарын жүргізуде, бүгінде онда 23,4 млрд текше метр су жиналды. Вегитациялық кезеңді тиімді өткізу үшін еліміздің 5 өңірінде су пайдалану лимиттері белгіленді:
Түркістан облысы – 3,8 текше километр
Қызылорда облысы – 3,2 текше километр,
Алматы облысы – 2,1 текше километр,
Жетісу облысы – 1,8 текше километр,
Жамбыл облысы – 1,2 текше километр.
Инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы жылы 394 гидротехникалық құрылысжайды жөндеу және 2,2 мың шақырымнан астам каналды тазалау жоспарлануда. Жаңа жобалар бойынша да жұмыстар жүруде. Инвестиция тарту есебінен Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды, сондай-ақ Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және оңтүстіктің бес облысында 103 каналды автоматтандыру жүзеге асырылуда.