https://sputnik.kz/20260224/referendum-kezinde-qazaqstandyqtardyn-tirkelgen-zheri-onlayn-rezhimde-tekseriledi-61412712.html
Референдум кезінде қазақстандықтардың тіркелген жері онлайн режимде тексеріледі
Референдум кезінде қазақстандықтардың тіркелген жері онлайн режимде тексеріледі
Sputnik Қазақстан
15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум өтеді 24.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-24T14:55+0500
2026-02-24T14:55+0500
2026-02-24T14:55+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
референдум
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61117565_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_f1a98adeb82b858045f89794c32055e2.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Орталық референдум комиссиясының бірлескен қаулысы және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығы жарияланды.Құжатта комиссия мүшелері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру үшін онлайн сервисті пайдаланады делінген. Егер олар референдумға қатысушылар тізімінен өздерін таппаса, өтініш беру арқылы дауыс береді.Ол үшін комиссияға тізімге енгізу туралы жазбаша өтініш қажет. Содан кейін комиссия өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша азаматты тіркеу туралы мәліметтерді онлайн сервис арқылы тексереді. Ол үшін комиссия мүшесі:Егер адамның тұрақты тіркеуі туралы мәліметтер расталса, онда учаскелік комиссия оны референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.Бұл ретте, онлайн-сервис арқылы алынған мәліметтер референдумға қатысушылардың тізіміне қосу (қоспау) үшін негіздерді қарау кезінде пайдаланылады."Референдумға қатысушылардың мекенжай мәліметтерін тексерудің қорытындысы бойынша онлайн-сервис өтініш берушінің "электронды үкімет" порталындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе алатын учаскелік референдум комиссияларының мүшелері олардың құпиялылығын сақтайды және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жауапты болады", - делінген құжатта.Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум 15 наурызда өтеді. Ел азаматтары бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап беруі керек, ол – "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61117565_53:0:1190:853_1920x0_80_0_0_5e147fad61f4540de9dbdb3e6c3d7c2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , референдум
қазақстанның жаңа конституциясы , референдум
Референдум кезінде қазақстандықтардың тіркелген жері онлайн режимде тексеріледі
15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум өтеді
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Орталық референдум комиссиясының бірлескен қаулысы және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығы жарияланды.
Құжатта комиссия мүшелері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру үшін онлайн сервисті пайдаланады делінген. Егер олар референдумға қатысушылар тізімінен өздерін таппаса, өтініш беру арқылы дауыс береді.
Ол үшін комиссияға тізімге енгізу туралы жазбаша өтініш қажет. Содан кейін комиссия өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша азаматты тіркеу туралы мәліметтерді онлайн сервис арқылы тексереді. Ол үшін комиссия мүшесі:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы "электронды үкімет" порталында авторландырудан өтеді;
логин/пароль және электронды цифрлық қолтаңба арқылы "электронды үкімет" порталына кіреді;
өтініш берушінің ЖСН енгізеді және оның тұрақты тіркелген жері бойынша мекенжай мәліметтері туралы ақпаратпен танысады.
Егер адамның тұрақты тіркеуі туралы мәліметтер расталса, онда учаскелік комиссия оны референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
"Өтініш берушінің жүгінген жері бойынша референдум учаскесінің аумағында тұрақты тіркелгені туралы ақпарат болмаса, учаскелік референдум комиссиясы тиісті өңір шегінде азаматтың учаскесінің нөмірін нақтылау үшін өңірдің Call-орталығына қоңырау шалуға құқылы. Осыдан кейін референдумға қатысушылар тізіміне енгізу бойынша өтінішті қабылдамау туралы дәлелді шешім қабылдайды және өтініш берушіге оның көшірмесін береді", - делінген бұйрықта.
Бұл ретте, онлайн-сервис арқылы алынған мәліметтер референдумға қатысушылардың тізіміне қосу (қоспау) үшін негіздерді қарау кезінде пайдаланылады.
"Референдумға қатысушылардың мекенжай мәліметтерін тексерудің қорытындысы бойынша онлайн-сервис өтініш берушінің "электронды үкімет" порталындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе алатын учаскелік референдум комиссияларының мүшелері олардың құпиялылығын сақтайды және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жауапты болады", - делінген құжатта.
Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум 15 наурызда өтеді. Ел азаматтары бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап беруі керек, ол – "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".