Пойыздарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВагон-ресторан
Вагон-ресторан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2026
Жазылу
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.
"Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады", - деп жазылған хабарламада.
Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады.
Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.
Наурызбай қажы Тағанұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Бас мүфти кәсіпкерлерге Рамазан айында азық-түлік бағасын төмендетуді ұсынды
Жаңалықтар
0