https://sputnik.kz/20260224/atyraudagy-zhumbaq-olim-kudikti-indoneziyada-ustaldy-61420302.html
Атыраудағы жұмбақ өлім: күдікті Индонезияда ұсталды
Атыраудағы жұмбақ өлім: күдікті Индонезияда ұсталды
Sputnik Қазақстан
Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды 24.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-24T18:57+0500
2026-02-24T18:57+0500
2026-02-24T19:22+0500
атырау
ауыр қылмыс
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20260203/atyraudagy-zhumbaq-olim-kudiktinin-bes-balasy-memleket-qorgauyna-tapsyryldy-60887274.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, ауыр қылмыс, адам өлтіру
атырау, ауыр қылмыс, адам өлтіру
Атыраудағы жұмбақ өлім: күдікті Индонезияда ұсталды
18:57 24.02.2026 (жаңартылды: 19:22 24.02.2026) Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
"Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған", - деп жазылған хабарламада.
Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.