Жамбыл облысында қатты желден бірнеше нысанның шатыры ұшып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевЖелді боран
Желді боран - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Қалған әлеуметтік нысандар бойынша ұшып кеткен шатырларды қалпына келтіру жұмыстары өз күштерімен басталып кетті
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысанға зақым келтірді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Дауыл 21 ақпаны күні таңғы сағат 5.00 шамасында болған.
"10 әлеуметтік нысан, 3 мектеп аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залы, әскери комиссариат ғимараты, 1 ветпункт, 2 мәдениет үйі, жеке меншік "Іңкәр" балабақшасы, газ мекемесіне қарасты ғимаратқа зақымданды. Оның ішінде, едәуір зиян келтірілген нысандар саны – 3, олар Қызылшаруа орта мектебі, әскери комиссариат, Қорағаты мәдениет үйі", - дейді әкімдікте.
Қазргі уақытта дауыл салдарынан келтірілген шығынды анықтау бойынша аудандық комиссия құрылып, "КазНиса" АҚ-ның облыстық өкілділігімен бірлесіп, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қалған әлеуметтік нысандар бойынша ұшып кеткен шатырларды қалпына келтіру жұмыстары өз күштерімен басталып кетті. Одан бөлек, 15 тұрғын үй шатырлары бүлінген. Оның ішінде 1 үйдің шатыры толықтай, қалғандары ішінара бүлінген", - дейді ведомствода.
Желдің салдарынан 19 ауыл жарықсыз қалса, қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық елді мекенге жарық берілді. Газ желілерінің бүлінуі бойынша 7 елді мекен де толық газбен қамтылды.
Сильный ветер разрушил автомобили и строения в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2026
Жамбыл облысында қатты желден жарық пен газ өшіп қалды
Жаңалықтар
0