https://sputnik.kz/20260223/turkistanda-studentterdi-eden-zhuuga-mazhburlegen--bilim-basqarmasy-ne-deydi-61377722.html
Түркістанда студенттерді еден жууға мәжбүрлеген – білім басқармасы не дейді
Түркістанда студенттерді еден жууға мәжбүрлеген – білім басқармасы не дейді
Sputnik Қазақстан
Арнайы комиссия құрылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді 23.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-23T12:20+0500
2026-02-23T12:20+0500
2026-02-23T12:20+0500
түркістан облысы
студенттер
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39703131_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_55be83df0685e7d02716ea678663634a.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы көпсалалы индустриялық-техникалық колледжінің студенттеріне еден жуғызған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бейнежазбадан жатақхана қызметкерлері мен студенттер арасындағы келіспеушілікті көруге болады. Мамандар бөлмелерді жинауды тапсырған. Ал студент қыздар өз бөлмелерін ғана жинайтынын, ұлдардың бөлмесін жинауға қарсы екенін айтқан.Sputnik Қазақстан тілшісі мән-жайды анықтады. Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды бірден бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген.Қазіргі уақытта студенттермен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі тәртіп талаптарын күшейту және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.Айта кетері, колледжде бүгінде 1072 студент білім алады, оның 80-і жатақханамен қамтылған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39703131_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0f09eb0cd14fcc66c7416b62c065a2ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, студенттер
түркістан облысы, студенттер
Түркістанда студенттерді еден жууға мәжбүрлеген – білім басқармасы не дейді
Арнайы комиссия құрылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы көпсалалы индустриялық-техникалық колледжінің студенттеріне еден жуғызған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бейнежазбадан жатақхана қызметкерлері мен студенттер арасындағы келіспеушілікті көруге болады. Мамандар бөлмелерді жинауды тапсырған. Ал студент қыздар өз бөлмелерін ғана жинайтынын, ұлдардың бөлмесін жинауға қарсы екенін айтқан.
Sputnik Қазақстан тілшісі мән-жайды анықтады. Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды бірден бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген.
"23-25 ақпан күндері өтетін облыстық спартакиадаға қатысушыларды жатақханаға орналастыру қажеттілігі туындаған. Осыған орай тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студенттерге ауызша түрде ұсыныс білдірген. Жатақханада студент жігіттердің уақытша болмауына байланысты қыздардан бос бөлмелерді тазалауға көмек көрсетуді сұраған. Алайда кейбір студенттердің бас тартуына байланысты түсініспеушілік болған", - дейді басқарма.
Қазіргі уақытта студенттермен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі тәртіп талаптарын күшейту және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Жауаптыларға қатысты заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Айта кетері, колледжде бүгінде 1072 студент білім алады, оның 80-і жатақханамен қамтылған.