https://sputnik.kz/20260223/tarazda-sport-kesheninin-direktorynan-25-mln-tenge-bopsalagandar-sottaldy-61389339.html
Таразда спорт кешенінің директорынан 2,5 млн теңге бопсалағандар сотталды
Таразда спорт кешенінің директорынан 2,5 млн теңге бопсалағандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар болашақта мұндай ақпарат таралмауы үшін олар тағы бір әйелді жұмысқа қайта алуды, сондай-ақ комплеанс-қызмет қызметкерін жұмыстан шығаруды талап еткен 23.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-23T17:43+0500
2026-02-23T17:43+0500
2026-02-23T17:45+0500
тараз
сот
бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Таразда сот бопсалау ісі бойынша үкім шығарды.Үш сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіден ақша талап еткен.Сотта анықталғандай, 2025 жылдың ақпан айында сотталушылар жәбірленушіден сотталушының бірінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен. Жазбаларда жәбірленуші директоры болып табылатын спорт кешені ғимаратының кемшіліктері баяндалған.Сотталушылардың кінәлары істің қолда бар материалдарымен және куәлердің айғақтарымен толық дәлелденді.Екі сотталушы кінәларын мойындамай, соттан өздерін ақтауды сұраса, үшінші сотталушы кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.Сот үкімімен әлеуметтік желіде пост жариялаған сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған екі сотталушыға 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260125/almatydan-oralga-ushqan-flyarystan-ushagy-qustarmen-soqtygysyp-qaldy-60671376.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, сот, бопсалау
Таразда спорт кешенінің директорынан 2,5 млн теңге бопсалағандар сотталды
17:43 23.02.2026 (жаңартылды: 17:45 23.02.2026) Олар болашақта мұндай ақпарат таралмауы үшін олар тағы бір әйелді жұмысқа қайта алуды, сондай-ақ комплеанс-қызмет қызметкерін жұмыстан шығаруды талап еткен
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Таразда сот бопсалау ісі бойынша үкім шығарды.
Үш сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіден ақша талап еткен.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың ақпан айында сотталушылар жәбірленушіден сотталушының бірінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен. Жазбаларда жәбірленуші директоры болып табылатын спорт кешені ғимаратының кемшіліктері баяндалған.
"Олар болашақта мұндай ақпарат таралмауы үшін олар тағы бір әйелді жұмысқа қайта алуды, сондай-ақ комплеанс-қызмет қызметкерін жұмыстан шығаруды талап еткен. Жәбірленуші талаптарға келісім беріп, сотталушының біріне 2,5 млн теңге және екі дана жылдық абонемент берген", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушылардың кінәлары істің қолда бар материалдарымен және куәлердің айғақтарымен толық дәлелденді.
Екі сотталушы кінәларын мойындамай, соттан өздерін ақтауды сұраса, үшінші сотталушы кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен әлеуметтік желіде пост жариялаған сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған екі сотталушыға 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.