АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Италияның Верона қаласында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комиеті.Салтанатты кеш Еуропадағы ең танымал тарихи нысандардың бірі - екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды. Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет жабылу салтанаты осындай көне амфитеатрда өтіп, тарихи орын заманауи сахна кейпіне енді.Рәсім барысында жарыстар аяқталғаннан кейінгі бірлікті білдіретін спортшылар шеруі өтті: атлеттер амфитеатрға салтанатты түрде кірді.Жабылу салтанатының қойылымына 800-ден аса әнші, музыкант және биші қатысты. Арнайы көпдеңгейлі LED-сахна жасалып, костюмдер италиялық опера дәстүріне сай тігілді. Ұйымдастырушылар еріктілердің еңбегін, сондай-ақ, спортшылардың Олимпиадаға дейін жүріп өткен ұзақ әрі қиын жолын айрықша атап өтті.Мәдени бағдарламада италиялық әнші Акилле Лауро, актриса Бенедетта Поркароли, диджей әрі продюсер Габри Понте және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Әлемдік балет жұлдызы Роберто Болле жетекшілік еткен әсерлі хореографиялық шығарма кештің ерекше сәттерінің біріне айналды.Музыкалық және би нөмірлері жарық эффектілерімен, сондай-ақ, амфитеатрдың тарихи дәліздері кеңінен пайдаланылды. Әртістер сол жерлерден шығып, көне ескерткіш жандана түскендей әсер қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл арқылы Италияны мәдени мұра мен жаңашылдықты ұштастырған ел ретінде көрсету көзделген.Дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі аяқталған соң Олимпиада туы түсіріліп, келесі қысқы Олимпиаданы қабылдайтын ел – Франция өкілдеріне табысталды. 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары осы мемлекетте өтеді. Сондай-ақ ұйымдастырушы ел алдағы доданың "Таң шуағы" атты таныстырылымын ұсынды. Одан кейін италиялық сазгер Людовико Эйнаудидің әуенімен Милан мен Кортинада жанған 2026 жылғы Олимпиада алауы сөндірілді.Айта кетейік, Италиядағы Олимпиадада Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінде сынға түсті. Медальдық есепте құрама бір алтын жүлдемен 19-орынға тұрақтады.
Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 19-орынға тұрақтады
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Италияның Верона қаласында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комиеті.
Салтанатты кеш Еуропадағы ең танымал тарихи нысандардың бірі - екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды. Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет жабылу салтанаты осындай көне амфитеатрда өтіп, тарихи орын заманауи сахна кейпіне енді.
Рәсім барысында жарыстар аяқталғаннан кейінгі бірлікті білдіретін спортшылар шеруі өтті: атлеттер амфитеатрға салтанатты түрде кірді.
"Барлық құраманың ту ұстаушылары делегациялардан бөлек жүріп өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Италияда алтын медаль жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Жабылу салтанатының қойылымына 800-ден аса әнші, музыкант және биші қатысты. Арнайы көпдеңгейлі LED-сахна жасалып, костюмдер италиялық опера дәстүріне сай тігілді. Ұйымдастырушылар еріктілердің еңбегін, сондай-ақ, спортшылардың Олимпиадаға дейін жүріп өткен ұзақ әрі қиын жолын айрықша атап өтті.
Мәдени бағдарламада италиялық әнші Акилле Лауро, актриса Бенедетта Поркароли, диджей әрі продюсер Габри Понте және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Әлемдік балет жұлдызы Роберто Болле жетекшілік еткен әсерлі хореографиялық шығарма кештің ерекше сәттерінің біріне айналды.
Музыкалық және би нөмірлері жарық эффектілерімен, сондай-ақ, амфитеатрдың тарихи дәліздері кеңінен пайдаланылды. Әртістер сол жерлерден шығып, көне ескерткіш жандана түскендей әсер қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл арқылы Италияны мәдени мұра мен жаңашылдықты ұштастырған ел ретінде көрсету көзделген.
Дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі аяқталған соң Олимпиада туы түсіріліп, келесі қысқы Олимпиаданы қабылдайтын ел – Франция өкілдеріне табысталды. 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары осы мемлекетте өтеді. Сондай-ақ ұйымдастырушы ел алдағы доданың "Таң шуағы" атты таныстырылымын ұсынды. Одан кейін италиялық сазгер Людовико Эйнаудидің әуенімен Милан мен Кортинада жанған 2026 жылғы Олимпиада алауы сөндірілді.
Айта кетейік, Италиядағы Олимпиадада Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінде сынға түсті. Медальдық есепте құрама бір алтын жүлдемен 19-орынға тұрақтады.