Кәмпиттің ішінен жәндік шықты: Қостанай тұрғыны сотқа жүгінді

CC0 / Luisella Planeta Leoni / Конфеты в руках у ребенка
Конфеты в руках у ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Қостанай тұрғыны кәмпиттің ішінен зиянкес жәндік тауып алған, деп хабарлайды облыстық сот.
Ол кәмпитті қаладағы супермаркеттердің бірінен сатып алған.
"Келесі күні қаптаманы ашқанда өнімнің ішінде зиянкес жәндіктер шыққан. Тұрғын Қостанай қалалық сотына шағымданып, серіктестіктен моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз берген. Кәмпиттің паразиттермен зақымданғаны расталды", - дейді облыстық сот.
Талапкер 2 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді сұраған.
Сот отырысында жауапкердің өкілі сапасыз тауардың сатылғанын мойындағанымен, денсаулыққа зиян келтірілгені туралы дәлелдердің жоқтығын көрсетіп, талап қою сомасымен келіспеді. Жауапкер 200 000 теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін айтқан.
"Денсаулыққа зиян келмегенін, жауапкердің кешірім сұрағанын және талапкердің шығыны ерікті түрде өтелгенін ескере отырып, сот моральдық зиян өтемақысының мөлшерін 2 000 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін төмендетуді орынды деп тапты", - дейдің сот.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0