https://sputnik.kz/20260223/batys-qazaqstan-turgyny-uyinde-ayagyn-usitip-aldy-61382031.html
Батыс Қазақстан тұрғыны үйінде аяғын үсітіп алды
Батыс Қазақстан тұрғыны үйінде аяғын үсітіп алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақтан облысында жыл басынан бері 24 адам үсіп қалды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 23.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-23T13:57+0500
2026-02-23T13:57+0500
2026-02-23T13:57+0500
үсік
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_39ba9a95bef8a37a1c9e7e007caf2414.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақтан облысында жыл басынан бері 24 адам үсіп қалды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері ауруханаларға 24 адам үсікпен түскен. Ең көп жағдай Жәнібек, Қазталов және Ақжайық аудандарында тіркелген. Жеті науқас үсікпен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір ер адам Ақжайық ауданындағы далада адасып, қатып қалған. Дәрігерлер оның қол-аяқтарын кесуге мәжбүр болды. Қазір науқас ауруханадан үйге шығарылды.Сонымен қатар тұрғылықты жері жоқ адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.Көлігін суықта жөндеген қала тұрғыны білегін үсітіп алған. Абырой болғанда аман-есен жазылып шықты.Қаланың тағы бір тұрғыны мас күйде көшеде ұйықтап қалып, аяғы мен қолдарын үсітіп алған. Ол екі білегінен төмен қолынан айырылды.Тұрғылықты жері жоқ тағы бір адам көшеде мас ұйықтап қалған. Оған аяғы мен қолының үсігі диагнозы қойылды, қазір ол екі аяғын ампутациялауға дайындалуда.Дәрігерлердің айтуынша, көбінесе 50 жастан асқан ер адамдар суықта үсіп қалып, ауруханаға жиі түседі. Көптеген жағдайда алкогольді ішімдік себеп болуда. 2025 жылы аязда үсіп қалған 12 жағдай тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш күрт өскен.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_375:0:2626:1688_1920x0_80_0_0_7561db27b4e6971520edfc8e2b0058af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үсік, батыс қазақстан облысы
үсік, батыс қазақстан облысы
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақтан облысында жыл басынан бері 24 адам үсіп қалды, деп хабарлайды "
Мой город" порталы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері ауруханаларға 24 адам үсікпен түскен. Ең көп жағдай Жәнібек, Қазталов және Ақжайық аудандарында тіркелген. Жеті науқас үсікпен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.
"РТС кенті тұрғынының пеші дұрыс жанбаған. Салдарынан екі табаны үсіп қалған. Қазір ол жүрек патологиясына байланысты жансақтау бөлімінде жатыр. Оған табанды кесу отасы жасалмақ", - дейді денсаулық сақтаку басқармасы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір ер адам Ақжайық ауданындағы далада адасып, қатып қалған. Дәрігерлер оның қол-аяқтарын кесуге мәжбүр болды. Қазір науқас ауруханадан үйге шығарылды.
Сонымен қатар тұрғылықты жері жоқ адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Көлігін суықта жөндеген қала тұрғыны білегін үсітіп алған. Абырой болғанда аман-есен жазылып шықты.
Қаланың тағы бір тұрғыны мас күйде көшеде ұйықтап қалып, аяғы мен қолдарын үсітіп алған. Ол екі білегінен төмен қолынан айырылды.
Тұрғылықты жері жоқ тағы бір адам көшеде мас ұйықтап қалған. Оған аяғы мен қолының үсігі диагнозы қойылды, қазір ол екі аяғын ампутациялауға дайындалуда.
Дәрігерлердің айтуынша, көбінесе 50 жастан асқан ер адамдар суықта үсіп қалып, ауруханаға жиі түседі. Көптеген жағдайда алкогольді ішімдік себеп болуда. 2025 жылы аязда үсіп қалған 12 жағдай тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш күрт өскен.