Алтынкөл – Қорғас теміржол торабын жаңғырту жұмыстары 2026 жылы аяқталады

© Sputnik / Тимур БатыршинСухой порт расположен на территории специальной экономической зоны на границе Казахстана и Китая
Сухой порт расположен на территории специальной экономической зоны на границе Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Теміржол желісінің өткізу қабілеті тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін ұлғаяды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр.
"Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Амангелдинұлы Келбұғанов жұмыс сапары аясында станциядағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Жобаларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.
Жаңалықтар
0