Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Уиткофф АҚШ, Ресей және Украина лидерлерінің кездесуі өтуі мүмкін екенін айтты

© POOL / Медиабанкке өтуСпецпосланик президента США Стив Уиткофф
Спецпосланик президента США Стив Уиткофф  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф алдағы үш апта ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский арасында үшжақты кездесуге жол ашатын келіссөз өтуі ықтимал екенін мәлімдеді.
"Біз Джаредпен (АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер – ред.) алдағы үш апта ішінде екі тарапты жақындастыратын ұсыныстарды таныстырамыз. Бұл Зеленский мен Путин арасындағы саммитке, тіпті белгілі бір кезеңде президенттің (АҚШ – ред.) қатысуымен үшжақты кездесуге де жол ашуы мүмкін. Көре жатармыз", – деді Уиткофф Fox News-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Трамп егер бұл кездесудің шынымен келісімге әкелетініне және жақсы нәтиже беретініне сенімді болмаса, үш ел басшысының кездесуіне қатыспас еді.
Токаев дал интервью пакистанскому изданию News International - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Украина мәселесі бойынша келіссөзге алаң ұсынуға дайын – Тоқаев
Жаңалықтар
0