Әлем

Тегеранда студенттер наразылық акциясына шықты

© Sputnik / Александр ВильфТегеран
Тегеран - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Жазылу
Мешхедте де наразылық акциялары өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 22 ақпан - Sputnik. Тегерандағы Шариф технологиялық университеті студенттерінің шеруі наразылық акциясына ұласты, деп хабарлады Fars агенттігі.
"Жаңа оқу семестрі бастала салып, Шариф университетінің бір топ студенті қаңтар айындағы оқиғаларда қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды. Бұл жиналыс бейбіт және тыныш өтеді деп шешілді. Бірақ бетперде киген бірнеше адам ұрандатып, істі ушықтырған", – делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, студенттердің бір тобы үкіметке және монархияға қарсы ұрандарды айқайлап айта бастаған. Ал екінші топ үкіметке қарсы ұстанымды қорғаған.
Әлеуметтік желіде Тегеран мен Мешхедтегі бірнеше университетте өткен демонстрациялар туралы хабарланды. Шариф технологиялық университетіндегі акция "Басидж" күштерімен қақтығысқа ұласты. Бұл наразылық қаза тапқандарды еске алудың 40-шы күнімен тұспа-тұс келді.
Флаг посольства Исламской Республики Иран на Покровском бульваре в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Тегеран ядролық қару бойынша келісімге келуге дайын - Иран СІМ
Жаңалықтар
0