https://sputnik.kz/20260222/shygys-qazaqstanda-zhol-tazalaushy-zhumys-kezinde-qaytys-boldy-61361430.html
Шығыс Қазақстанда жол тазалаушы техникаға қызмет көрсету кезінде қайтыс болды
Шығыс Қазақстанда жол тазалаушы техникаға қызмет көрсету кезінде қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Марқұм жұмыс істеген жол пайдалану учаскесі №30 республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" автожолына қызмет көрсетеді 22.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-22T18:57+0500
2026-02-22T18:57+0500
2026-02-22T19:01+0500
шығыс қазақстан
тас жол
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41412982_0:96:1029:675_1920x0_80_0_0_a5e9f555f2277851d755eef680623bb5.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Северное ауылында жол тазалайтын мекеме жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қайғылы оқиға 21 ақпанда тас жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына қызмет көрсету кезінде болған. Жүргізуші ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем дер кезінде шақырылып, қажет шаралар қабылданғанымен, оны құтқару мүмкін болмады. Ер адам бұл салада 25 жыл еңбек еткен.Марқұм жұмыс істеген бөлімше №30 республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" автожолына қызмет көрсетеді. Бұл ең күрделі учаскелердің бірі, дейді Қазавтожолда."Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себептері жан-жақты қарастырылып жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданды", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".Ал полиция қылмыстық іс қозғаған."Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот сараптамалары жасалып жатыр", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде.
https://sputnik.kz/20260221/shymkentte-zhauyn-saldarynan-zhana-salyngan-zhol-shogip-ketti-61353946.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41412982_1:0:1029:771_1920x0_80_0_0_e38df23069f67b81e5bf6953cd3b53e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, тас жол, жұмысшы
шығыс қазақстан, тас жол, жұмысшы
Шығыс Қазақстанда жол тазалаушы техникаға қызмет көрсету кезінде қайтыс болды
18:57 22.02.2026 (жаңартылды: 19:01 22.02.2026) Марқұм жұмыс істеген жол пайдалану учаскесі №30 республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" автожолына қызмет көрсетеді
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Северное ауылында жол тазалайтын мекеме жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 21 ақпанда тас жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына қызмет көрсету кезінде болған. Жүргізуші ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем дер кезінде шақырылып, қажет шаралар қабылданғанымен, оны құтқару мүмкін болмады. Ер адам бұл салада 25 жыл еңбек еткен.
Марқұм жұмыс істеген бөлімше №30 республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" автожолына қызмет көрсетеді. Бұл ең күрделі учаскелердің бірі, дейді Қазавтожолда.
"Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себептері жан-жақты қарастырылып жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданды", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ал полиция қылмыстық іс қозғаған.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот сараптамалары жасалып жатыр", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде.