https://sputnik.kz/20260222/mangystauda-zhalgan-diplom-paydalangan-turgyn-sottaldy-61356746.html
Маңғыстауда жалған диплом пайдаланған тұрғын сотталды
Маңғыстауда жалған диплом пайдаланған тұрғын сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотталушы кінәсін толық мойындады 22.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-22T11:48+0500
2026-02-22T11:48+0500
2026-02-22T11:45+0500
маңғыстау облысы
диплом
https://sputnik.kz/img/479/24/4792489_0:116:2016:1250_1920x0_80_0_0_85d3f4274c87fac411e807b06f85d037.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында Түпқараған ауданының 26 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасу кезінде жалған диплом ұсынғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Lada.kz.Сот материалына сәйкес, ол әскери қызметке орналасу кезінде 2022 жылғы 30 маусымда берілген Қазақ спорт және туризм академиясы дипломының көшірмесін тапсырған, сонымен қатар анкетада аталмыш жоғары оқу орнын бітіргенін жазған.Алайда 2025 жылғы 2 желтоқсанда жүргізілген тексеріс дипломның жалған екенін анықтады. Академия берген мәліметке сәйкес, аталған азаматқа "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша диплом берілмеген. Сараптама қорытындысы бойынша құжат лазерлік принтермен жасалғаны анықталды. Диплом бланкі академияның ресми бланкіне сәйкес келмейді.Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ақтау қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 86 500 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 19 660 теңге өндірілді.
https://sputnik.kz/20251120/kolikterge-zhalgan-memlekettik-nomir-taqqan-avtosalon-qyzmetkeri-ustaldy-58890119.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/24/4792489_98:0:1918:1365_1920x0_80_0_0_bbb1d17a06fdf62a141166718ba70f01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, диплом
Маңғыстауда жалған диплом пайдаланған тұрғын сотталды
Сотталушы кінәсін толық мойындады
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында Түпқараған ауданының 26 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасу кезінде жалған диплом ұсынғаны үшін сотталды, деп хабарлайды
Lada.kz. Сот материалына сәйкес, ол әскери қызметке орналасу кезінде 2022 жылғы 30 маусымда берілген Қазақ спорт және туризм академиясы дипломының көшірмесін тапсырған, сонымен қатар анкетада аталмыш жоғары оқу орнын бітіргенін жазған.
Алайда 2025 жылғы 2 желтоқсанда жүргізілген тексеріс дипломның жалған екенін анықтады. Академия берген мәліметке сәйкес, аталған азаматқа "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша диплом берілмеген. Сараптама қорытындысы бойынша құжат лазерлік принтермен жасалғаны анықталды. Диплом бланкі академияның ресми бланкіне сәйкес келмейді.
Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ақтау қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 86 500 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 19 660 теңге өндірілді.