Ақ түтек боран: Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаЖолдағы құтқарушылар
Жолдағы құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Жазылу
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар автожолда шектеу енгізілгенін хабарлады
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар автожолда шектеу енгізілгенін хабарлады.
Абай облысында ақ түтек боран соғып жатыр. Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толығымен жабық:
Абай облысы "Таскескен - Бақты - ҚХР шекарасы" Таскескен селосындағы бұрылыстан "Алматы - Өскемен" Үржар селосына дейін жол жабық.
Ақтөбе облысында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысы Ресей Федерациясы шекарасы автожолы - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент - Алматы - ҚХР шекарасы, Ақтөбе қаласы учаскесі - Қарабұтақ кенті - Ырғыз кентіне дейін жол жабық.
Қостанай облысы:
Ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған–Арқалық–Петропавл автожолының 340-377 шақырым аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ақмола облысы:
Астана–Атбасар–Жақсы–Рузаевка–Сарыкөл–Костанай–РФ шекарасы" автожолы, 147-192 шақырым, Жалтыр ауылынан – Жақсы ауылына дейін,
"Жақсы–Есіл–Бұзылық" автожолы, 0-82 шақырым, Жақсы ауылы – Бұзылық ауылына дейін жол жабық.
Тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдауға 3 пойыз іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Тас жолдар жабылды: жолаушыларды тасымалдайтын пойыздар іске қосылды
Жаңалықтар
0