https://sputnik.kz/20260222/almatydagy-qalqaman-metro-beketi-qashan-iske-qosylady-61359418.html
Алматыдағы "Қалқаман" метро бекеті қашан іске қосылады
Алматыдағы "Қалқаман" метро бекеті қашан іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр 22.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-22T16:30+0500
2026-02-22T16:30+0500
2026-02-22T16:33+0500
алматы
метро
әкім
https://sputnik.kz/img/07ea/02/16/61359098_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0f5cf757e7169fb3d8db1c5be9a6648e.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекетіндегі құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Метро аумағында тік жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, кешенді абаттандыруға әзірлік басталды.Бекеттің ішінде әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған, желдету, бейнебақылау және өртке қарсы қорғау жүйелерімен қоса, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталып келеді."Тоннельдердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр: сол жақ аралық тоннель толық дайын, ал оң жақ тоннельде рельстерді түйіспесіз технология бойынша төсеу жұмыстары басталады", - дейін Алматы әкімдігінде.Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20251224/almatyda-metro-poyyzynan-tutin-shyqty-59910819.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/16/61359098_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_af68eb68c10876d4a7947a992cb31dbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, метро, әкім
Алматыдағы "Қалқаман" метро бекеті қашан іске қосылады
16:30 22.02.2026 (жаңартылды: 16:33 22.02.2026) Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекетіндегі құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Метро аумағында тік жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, кешенді абаттандыруға әзірлік басталды.
"Жоба аясында ағаштар мен мыңнан астам бұта егу арқылы көгалдандыру, жүргіншілерге арналған аймақтар салу, жарықтандыру жүйесін орнату, автотұрақ орындарын, автобус тұрағы мен аялдама кешендерін салу жоспарланған", - дейді әкімдікте.
Бекеттің ішінде әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған, желдету, бейнебақылау және өртке қарсы қорғау жүйелерімен қоса, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталып келеді.
"Тоннельдердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр: сол жақ аралық тоннель толық дайын, ал оң жақ тоннельде рельстерді түйіспесіз технология бойынша төсеу жұмыстары басталады", - дейін Алматы әкімдігінде.
Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.