https://sputnik.kz/20260221/wbo-doping-dauynan-son-zhanibek-alimkhanulyna-qatysty-sheshim-shygardy-61334225.html
WBO допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды
WBO допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды
Sputnik Қазақстан
Ол бір жылға бокстан шеттелді 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T11:22+0500
2026-02-21T11:22+0500
2026-02-21T11:22+0500
жәнібек әлімханұлы
допинг
допинг дауы
допинг-сынама
жекпе-жек
https://sputnik.kz/img/07e9/04/06/52253443_0:0:1016:573_1920x0_80_0_0_5b104307068c5e5362a6d1ddfb0156e5.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. WBO тыйым салынған мельдоний заты бойынша допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын бір жыл мерзімге жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz-ке сілтеме жасап.Ал чемпиондық атақтары спортшының өзіне қалдырылды.Шеттету мерзімі аяқталғанға дейін қазақстандық боксшыға кез келген кәсіби немесе көрме жекпе-жектеріне қатысуға тыйым салынады.Ұйым сондай-ақ шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс екенін растады. Бұл талап орындалмаған жағдайда ұйым регламентіне сәйкес қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Аталған шешімге дейін аралық кездесу өткізуге жол берілмейді.WBO президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, Чемпиондық жекпе-жектер жөніндегі комитет шешімді бірауыздан қабылдаған. Жаза мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі.Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылы желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуға тиіс болған.Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ "B"сынамасында да ағзасында допинг бар екені расталды.
https://sputnik.kz/20260121/zhanibek-aq-alimkhanulynyn-menedzheri-malimdeme-zhasady-60577619.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/06/52253443_0:0:1016:763_1920x0_80_0_0_81a19f0f495e5d1ac192be5f79e78ad5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәнібек әлімханұлы, допинг, допинг дауы, допинг-сынама, жекпе-жек
жәнібек әлімханұлы, допинг, допинг дауы, допинг-сынама, жекпе-жек
WBO допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды
Ол бір жылға бокстан шеттелді
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. WBO тыйым салынған мельдоний заты бойынша допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын бір жыл мерзімге жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ал чемпиондық атақтары спортшының өзіне қалдырылды.
Шеттету мерзімі аяқталғанға дейін қазақстандық боксшыға кез келген кәсіби немесе көрме жекпе-жектеріне қатысуға тыйым салынады.
Ұйым сондай-ақ шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс екенін растады. Бұл талап орындалмаған жағдайда ұйым регламентіне сәйкес қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Аталған шешімге дейін аралық кездесу өткізуге жол берілмейді.
WBO президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, Чемпиондық жекпе-жектер жөніндегі комитет шешімді бірауыздан қабылдаған. Жаза мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылы желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуға тиіс болған.
Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.
Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ "B"сынамасында да ағзасында допинг бар екені расталды.