https://sputnik.kz/20260221/pavlodarda-sogys-ardageri-gasyrlyq-mereytoyyn-atap-otti-61343738.html
Павлодарда соғыс ардагері ғасырлық мерейтойын атап өтті
Павлодарда соғыс ардагері ғасырлық мерейтойын атап өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григораш өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік. 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T15:54+0500
2026-02-21T15:54+0500
2026-02-21T15:54+0500
жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы
ұлы отан соғысы ардагері
мерейтой
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61341333_0:151:2048:1303_1920x0_80_0_0_6d8b50bfa049f58ea64e3bdcaaffb326.jpg
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григораш өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.Ғасыр жасаған майдангерді мерейтойымен облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.Соғыс басталғанда Василий Григораш небәрі 17 жаста еді. Сол бозбала шағында Отан қорғауға майданға аттанды. 1943 жылы жас жауынгерлер мектебін тәмамдап, 293-дивизияның 1034-атқыштар полкі құрамында Забайкалье әскери округіне жіберілді. Қатардағы жауынгерден бөлімше командиріне дейінгі майдан жолын абыроймен жүріп өтіп, жауапкершілік, төзімділік және нағыз жауынгерлік мінез көрсете білді.Ерлігі мен жанқиярлығы үшін ардагер ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен, сондай-ақ мерейтойлық наградалармен марапатталған. Оның жауынгерлік еңбегі – жеке өмірбаяны ғана емес, тарихтың бір бөлігі.Майдангер Павлодарға келіп, жарты ғасырдан астам уақытын локомотив депосындағы еңбекке арнады: жүк және жолаушылар пойыздарын жүргізіп, темір жолдың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.
https://sputnik.kz/20251216/qaragandyda-askeriler-100-ge-tolgan-sogys-ardagerine-tosynsyy-zhasady-59640874.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61341333_0:122:2048:1658_1920x0_80_0_0_3aac62bef4b823e06ca8de3883cd3ace.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, ұлы отан соғысы ардагері, мерейтой
ұлы отан соғысы, ұлы отан соғысы ардагері, мерейтой
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григораш өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Ғасыр жасаған майдангерді мерейтойымен облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.
Соғыс басталғанда Василий Григораш небәрі 17 жаста еді. Сол бозбала шағында Отан қорғауға майданға аттанды. 1943 жылы жас жауынгерлер мектебін тәмамдап, 293-дивизияның 1034-атқыштар полкі құрамында Забайкалье әскери округіне жіберілді. Қатардағы жауынгерден бөлімше командиріне дейінгі майдан жолын абыроймен жүріп өтіп, жауапкершілік, төзімділік және нағыз жауынгерлік мінез көрсете білді.
Ерлігі мен жанқиярлығы үшін ардагер ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен, сондай-ақ мерейтойлық наградалармен марапатталған. Оның жауынгерлік еңбегі – жеке өмірбаяны ғана емес, тарихтың бір бөлігі.
Майдангер Павлодарға келіп, жарты ғасырдан астам уақытын локомотив депосындағы еңбекке арнады: жүк және жолаушылар пойыздарын жүргізіп, темір жолдың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.