https://sputnik.kz/20260221/maydannan-arnayy-askeri-operatsiyaga-deyin-ukrainadagy-qaqtygys-tarikhy-61331078.html
Майданнан арнайы әскери операцияға дейін: Украинадағы қақтығыс тарихы
Майданнан арнайы әскери операцияға дейін: Украинадағы қақтығыс тарихы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 2022 жылы 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларының тәуелсіздігін мойындады. 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T10:03+0500
2026-02-21T10:03+0500
2026-02-21T10:03+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26567463_0:165:3071:1892_1920x0_80_0_0_d0fcb095f288c4b3884dd018517512a2.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 2022 жылы 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларының тәуелсіздігін мойындады.ОсылайшаДонбастың ұзақ жылдарға созылған азапты кезеңіне нүкте қойылды.Бұның барлығы 2014 жылы Батыс күштері арандатқан Киевтегі мемлекеттік төңкерістен басталды. Майдандағы зорлық-зомбылық, шарықтау шегі болған жалдамалы мергендердің жүзден астам адамды атып өлтіру оқиғасы жағдайды кері қайтаруға болмайтын межеге жеткізді.Орыстілді халықпен күресУкраинаның жаңа билігі орыс тілінің өңірлік мәртебесін дереу жойды. Бұл шешім елдің бірқатар өңірлерінде жаппай наразылық туғызып, Қырымның Ресеймен қайта бірігуіне алып келді. 2014 жылы сәуірде Киев өз азаматтарына қарсы "антитеррористік операция" жариялады. Бұған жауап ретінде Донбасс халқы өз егемендігін жариялап, Донецк және Луганск Халық Республикаларының құрылғанын мәлімдеді. Ал Киев аймаққа қарсы кең ауқымды әскери қақтығысты бастады.Ұлтшылдардың құрбандары2014 жылы 2 мамырда Одессада болған трагедия осы агрессияның символына айналды. Сол күні ұлтшылдар Кәсіподақтар үйінде 48 адамды тірідей өртеп жіберді. Сондай-ақ Донбасс қалаларын үздіксіз бомбалау салдарынан бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар қаза тапты. Олардың құрметіне Донецк қаласында "Періште аллеясы" ашылды.Минск келісімдері, кейін Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель мойындағандай, тек "Украинаға күшею үшін уақыт ұтып беру әрекеті ғана" болған. Киев бұл келісімдерді орындаудан әдейі бас тартып, барша орыс мәдениетін ығыстыру саясатынқатаржүргізді: декоммунизация, Украин православ шіркеуін қудалау және НАТО-ға кіру бағыты.Ресейге төнген қауіптер2021 жылдың көктемінде Донбасс аумағына жасалған атқылаулар қайта күшейіп, 2022 жылдың ақпанында жағдай шегінежетті. Шабуылдаррекордтық сипат алып, бейбіт халықты жаппай эвакуациялау басталды. Соңғы шегі — Зеленскийдің Мюнхенде Украинаның ядролық мәртебесін қалпына келтіру және НАТО-ға кіруді жеделдету ниеті туралы мәлімдемесі болды. Бұл Ресей қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер еді.Сондықтан2022 жылы 21 ақпанда Ресей бұдан әрі бейтарап қалыпта қала алмады. Республикаларды мойындау, ал кейін олардың Херсон және Запорожье облыстарымен бірге Ресей құрамына енуі — қажетті қорғаныс шарасы болды. Арнайы әскери операция — Украинаның көп жылдық агрессиясы мен қауіп-қатерлеріне берілген заңды жауап.
https://sputnik.kz/20220412/donbass-ushin-sheshushi-shayqas-24169971.html
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26567463_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_8ee94bd352fd3bab9fcf966ed328c7bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 2022 жылы 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларының тәуелсіздігін мойындады.
ОсылайшаДонбастың ұзақ жылдарға созылған азапты кезеңіне нүкте қойылды.
Бұның барлығы 2014 жылы Батыс күштері арандатқан Киевтегі мемлекеттік төңкерістен басталды. Майдандағы зорлық-зомбылық, шарықтау шегі болған жалдамалы мергендердің жүзден астам адамды атып өлтіру оқиғасы жағдайды кері қайтаруға болмайтын межеге жеткізді.
Украинаның жаңа билігі орыс тілінің өңірлік мәртебесін дереу жойды. Бұл шешім елдің бірқатар өңірлерінде жаппай наразылық туғызып, Қырымның Ресеймен қайта бірігуіне алып келді. 2014 жылы сәуірде Киев өз азаматтарына қарсы "антитеррористік операция" жариялады. Бұған жауап ретінде Донбасс халқы өз егемендігін жариялап, Донецк және Луганск Халық Республикаларының құрылғанын мәлімдеді. Ал Киев аймаққа қарсы кең ауқымды әскери қақтығысты бастады.
2014 жылы 2 мамырда Одессада болған трагедия осы агрессияның символына айналды. Сол күні ұлтшылдар Кәсіподақтар үйінде 48 адамды тірідей өртеп жіберді. Сондай-ақ Донбасс қалаларын үздіксіз бомбалау салдарынан бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар қаза тапты. Олардың құрметіне Донецк қаласында "Періште аллеясы" ашылды.
Минск келісімдері, кейін Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель мойындағандай, тек "Украинаға күшею үшін уақыт ұтып беру әрекеті ғана" болған. Киев бұл келісімдерді орындаудан әдейі бас тартып, барша орыс мәдениетін ығыстыру саясатынқатаржүргізді: декоммунизация, Украин православ шіркеуін қудалау және НАТО-ға кіру бағыты.
2021 жылдың көктемінде Донбасс аумағына жасалған атқылаулар қайта күшейіп, 2022 жылдың ақпанында жағдай шегінежетті. Шабуылдаррекордтық сипат алып, бейбіт халықты жаппай эвакуациялау басталды. Соңғы шегі — Зеленскийдің Мюнхенде Украинаның ядролық мәртебесін қалпына келтіру және НАТО-ға кіруді жеделдету ниеті туралы мәлімдемесі болды. Бұл Ресей қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер еді.
Сондықтан2022 жылы 21 ақпанда Ресей бұдан әрі бейтарап қалыпта қала алмады. Республикаларды мойындау, ал кейін олардың Херсон және Запорожье облыстарымен бірге Ресей құрамына енуі — қажетті қорғаныс шарасы болды. Арнайы әскери операция — Украинаның көп жылдық агрессиясы мен қауіп-қатерлеріне берілген заңды жауап.