https://sputnik.kz/20260221/golan-zhotalaryndagy-qazaqstandyq-bitimgerler-buu-medaldarymen-marapattaldy-61339476.html
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Sputnik Қазақстан
Фауар базасында қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери марапатқа ие болды 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T13:06+0500
2026-02-21T13:06+0500
2026-02-21T13:06+0500
бітімгершілік
қорғаныс министрлігі
бұұ
медаль
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61337600_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3143fdf90033c47616e9ad7951a1b25a.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.БҰҰ медальдарын бітімгерлік миссияның қолбасшысы Анита Асма табыс етті.Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасында орналасқан Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді.БҰҰ медалімен миссияда қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери қызметші марапатталды.Қазақстандық әскери қызметшілер Ұйым базаларын күзету мен қорғанысын күшейтуді қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды және жауапкершілік аймағында тұрақтылықты сақтауға бағытталған түрлі міндеттерді орындайды.2025 жылдың сәуірінен бері контингенттің әскери қызметшілері 55 тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды. Жалпы қазақстандық бітімгерлік контингенттің екінші құрамы миссия басталғалы бері 675 тапсырманы орындады.Айта кетері, Қазақстан Голан жоталарында алғашқы дербес бітімгерлік контингентін 2024 жылғы наурызда орналастырған болатын.
https://sputnik.kz/20241004/qazaqstandyq-bitimgerler-buu-nyn-marapatyn-ielendi-47558654.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/15/61337600_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_360e7204283cb4f788e5b07672bc89b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бітімгершілік, қорғаныс министрлігі, бұұ, медаль
бітімгершілік, қорғаныс министрлігі, бұұ, медаль
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Фауар базасында қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери марапатқа ие болды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
БҰҰ медальдарын бітімгерлік миссияның қолбасшысы Анита Асма табыс етті.
Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасында орналасқан Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді.
БҰҰ медалімен миссияда қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери қызметші марапатталды.
Қазақстандық әскери қызметшілер Ұйым базаларын күзету мен қорғанысын күшейтуді қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды және жауапкершілік аймағында тұрақтылықты сақтауға бағытталған түрлі міндеттерді орындайды.
"Контингенттің жеке құрамы жоғары кәсіби дайындықты, үйлесімділік пен жедел әрекет ету қабілетін көрсетіп келеді. БҰҰ медалі — әрбір әскери қызметшінің батылдығы, тәртібі мен өз ісіне адалдығының, сондай-ақ миссия аймағында бейбітшілікті сақтау ісіне қосқан үлесінің мойындалуы", — деді бітімгерлік ротаның командирі подполковник Жанибек Нурланов.
2025 жылдың сәуірінен бері контингенттің әскери қызметшілері 55 тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды. Жалпы қазақстандық бітімгерлік контингенттің екінші құрамы миссия басталғалы бері 675 тапсырманы орындады.
Айта кетері, Қазақстан Голан жоталарында алғашқы дербес бітімгерлік контингентін 2024 жылғы наурызда орналастырған болатын.