Бірнеше облыста жол жабылды

© Photo : ДЧС Карагандинской области
Жазылу
Еліміздің 7 облысында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
21 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Солтүстік Қазақстан облысында:
"Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)" автожолының 50 — 280 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы);
"Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)" автожолының 341 — 443 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Астраханка ауылы).
Ақмола облысында:
"Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)" автожолының 2 — 50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
"Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)" автожолының 304 — 341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Аталған учаскелердегі жолды 22 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ 21 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар мына автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін жол жабылды:
Ақтөбе облысында:
"РФ шекарасы (Жайсан өткізу пункті) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — ҚХР шекарасы (Нұр Жолы өткізу пункті)" автожолының 776 — 1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысында:
"РФ шекарасы (Жайсан өткізу пункті) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — ҚХР шекарасы (Нұр Жолы өткізу пункті)" автожолының 1240 — 1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы).
Бұл учаскелерде жолды 22 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ 21 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына мына өңірлерде де көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Сондай-ақ 21 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына мына өңірлерде де көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Абай облысында:
"Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 615 — 1013 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы — Таскескен ауылының бұрылысы — Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
"Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы (Бақты өткізу пункті)" автожолының 0 — 75 шақырым аралығы (Таскескен ауылының бұрылысы — "Алматы — Өскемен" автожолы — Үржар ауылы).
Жетісу облысында:
"Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 561 — 615 шақырым аралығы (Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысында:
"Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 1013 — 1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — "Рубеж" бекеті).
Бұл өңірлерде жолды 22 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.