https://sputnik.kz/20260220/zhambyl-oblysynyn-akimi-13-zhastagy-qyzdy-qutqargan-turgynga-algys-bildirdi-61312777.html
Жамбыл облысының әкімі 13 жастағы қызды құтқарған тұрғынға алғыс білдірді
Жамбыл облысының әкімі 13 жастағы қызды құтқарған тұрғынға алғыс білдірді
Sputnik Қазақстан
Аймақ басшысы Тараз тұрғынына жамбылдықтардың атынан шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы Алғысхат пен қаржылай сертификат табыстады 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T11:45+0500
2026-02-20T11:45+0500
2026-02-20T12:14+0500
жамбыл облысы
әкімдік
бала ұрлау
https://sputnik.kz/img/07ea/02/14/61310779_11:47:940:569_1920x0_80_0_0_acf854dfd8ddbd55c72408d560f75927.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 13 жастағы жеткіншекті қаскөйлерден арашалап қалған тараздық азамат Нүркен Омаровқа құрмет көрсетті, деп хабарлады облыстық әкімдік.Еске сала кетейік, 2026 жылдың 17 ақпанында Тараз қаласындағы автобус аялдамаларының бірінде екі ер адам жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекет жасаған. Дәл осы сәтте оқиға куәсі болған Нүркен Омаров араша түсіп, қыз бала қауіптен аман қалды.Аймақ басшысы Тараз тұрғынына жамбылдықтардың атынан шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады.Облыс әкімі Нүркен Омаровтың ел тыныштығына немқұрайлы қарамай, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсеткені үшін ата-анасына алғысын жеткізуді сұрады. Бұдан бөлек, ерен ерлік танытқан азаматтың әлеуметтік жағдайына назар аударып, оны тұрақты жұмыспен қамту мәселесін қарастыру жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндет жүктеді."Оқиға кезінде қыз баланың қорқып тұрғанын байқап, бір сәт те кідірмей көмекке ұмтылдым. Бұл ісімді марапат үшін емес, азаматтық және әкелік борышым деп санаймын", – деді кездесу барысында Нүркен Омаров.Айта кетері, күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260218/tarazda-ayaldamada-turgan-zhasospirim-qyzdy-urlap-ketpek-bolgan-61247039.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/14/61310779_11:31:930:720_1920x0_80_0_0_23e10e46b89f17366cc790f54d696201.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, әкімдік, бала ұрлау
жамбыл облысы, әкімдік, бала ұрлау
Жамбыл облысының әкімі 13 жастағы қызды құтқарған тұрғынға алғыс білдірді
11:45 20.02.2026 (жаңартылды: 12:14 20.02.2026) Аймақ басшысы Тараз тұрғынына жамбылдықтардың атынан шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы Алғысхат пен қаржылай сертификат табыстады
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 13 жастағы жеткіншекті қаскөйлерден арашалап қалған тараздық азамат Нүркен Омаровқа құрмет көрсетті, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 17 ақпанында Тараз қаласындағы автобус аялдамаларының бірінде екі ер адам жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекет жасаған. Дәл осы сәтте оқиға куәсі болған Нүркен Омаров араша түсіп, қыз бала қауіптен аман қалды.
Аймақ басшысы Тараз тұрғынына жамбылдықтардың атынан шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады.
"Сіздің жедел әрекетіңіз бен табандылығыңыздың арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі сақталды. Сын сәтте жауапкершілікті өз мойныңызға алып, батыл шешім қабылдауыңыз бойыңыздағы биік адамгершілік пен парасаттылықты көрсетті", – деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі Нүркен Омаровтың ел тыныштығына немқұрайлы қарамай, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсеткені үшін ата-анасына алғысын жеткізуді сұрады. Бұдан бөлек, ерен ерлік танытқан азаматтың әлеуметтік жағдайына назар аударып, оны тұрақты жұмыспен қамту мәселесін қарастыру жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндет жүктеді.
"Оқиға кезінде қыз баланың қорқып тұрғанын байқап, бір сәт те кідірмей көмекке ұмтылдым. Бұл ісімді марапат үшін емес, азаматтық және әкелік борышым деп санаймын", – деді кездесу барысында Нүркен Омаров.
Айта кетері, күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.