https://sputnik.kz/20260220/zhambyl-oblysynda-zhana-bosangan-ana-qaytys-boldy-tekseris-bastaldy-61326242.html
Жамбыл облысында жаңа босанған ана қайтыс болды: тексеріс басталды
Жамбыл облысында жаңа босанған ана қайтыс болды: тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
Тексеру шеңберінде медициналық персоналдың барлық кезеңдегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T19:12+0500
2026-02-20T19:12+0500
2026-02-20T19:12+0500
жамбыл облысы
тексеріс
жаппай тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында 30 жастағы Салтанат Нышанбай перинаталдық орталықта қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі дереу тексеріс бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Салтанат кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын босанған. Нәресте аман, бірақ анасы үш апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмған. Жақындарының айтуынша, сепсис дер кезінде анықталмаған, дәрігерлер жатырын ескертусіз алып тастап, салғырттық танытқан.Марқұмның туыстары емхана МӘМС төлемі болмағандықтан, Салтанатты есепке қоймағанын, қажетті тексерулер жүргізілмегенін айтады. Дәрігерлер бұл жайтқа нақты түсініктеме бермеген. Салтанаттың артында жаңа туған сәби және 5 жасар ұлы қалды. Туыстары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.Қайғылы оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі тексеру бастады.Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін тиісті органдарға беріледі. Тексеру нәтижесі туралы жұртшылыққа қосымша хабарланады.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, тексеріс, жаппай тексеріс
жамбыл облысы, тексеріс, жаппай тексеріс
Жамбыл облысында жаңа босанған ана қайтыс болды: тексеріс басталды
Тексеру шеңберінде медициналық персоналдың барлық кезеңдегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында 30 жастағы Салтанат Нышанбай перинаталдық орталықта қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі дереу тексеріс бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Салтанат кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын босанған. Нәресте аман, бірақ анасы үш апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмған. Жақындарының айтуынша, сепсис дер кезінде анықталмаған, дәрігерлер жатырын ескертусіз алып тастап, салғырттық танытқан.
Марқұмның туыстары емхана МӘМС төлемі болмағандықтан, Салтанатты есепке қоймағанын, қажетті тексерулер жүргізілмегенін айтады. Дәрігерлер бұл жайтқа нақты түсініктеме бермеген. Салтанаттың артында жаңа туған сәби және 5 жасар ұлы қалды. Туыстары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
Қайғылы оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі тексеру бастады.
"Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Оған босанған әйелдің көз жұмуы себеп болды. Тексеру шеңберінде медициналық персоналдың барлық кезеңдегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін тиісті органдарға беріледі. Тексеру нәтижесі туралы жұртшылыққа қосымша хабарланады.