Қазақстанда алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асып түсті

© PhotoБалмұздақ өндірісі
Балмұздақ өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2026
Жазылу
Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны болса, ал импорт көлемі — 12 194 тоннаға жетті
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 2025 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны болса, ал импорт көлемі — 12 194 тоннаға жетті.
Бұл - саланың жүйелі өзгеріп, отандық өндірушілер өнімінің халықаралық нарықта нығайып жатқанын көрсетеді, дейді министрлікте.
"2005 жылы Қазақстан тек 12 тонна балмұздақ экспорттап, импорт көлемі 12 мың тоннаны құраған еді. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Жеткізілімдер географиясы 10 елге дейін кеңейіп, экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және саланың жетілгенін көрсетеді", — деді "Шин-Лайн" компаниясының вице-президенті Жұлдыз Омарбек.
Бұл көрсеткіш ірі инвестициялар, озық технологиялар, сондай-ақ отандық өндірушілерге жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Жаңа астықтың экспорты 1 млн тоннадан асты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жаңа астықтың экспорты 1 млн тоннадан асты
Жаңалықтар
0