https://sputnik.kz/20260220/koreyada-zansyz-zhurgender-elden-ayyppul-tolemey-shyga-alady-61321781.html
Кореяда заңсыз жүргендер елден айыппұл төлемей шыға алады
Кореяда заңсыз жүргендер елден айыппұл төлемей шыға алады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Кореяде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін ерікті түрде шыға алады, деп хабарлады Еңбек және... 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T21:37+0500
2026-02-20T21:37+0500
2026-02-20T21:37+0500
оңтүстік корея
жұмыс
жұмыс берушілер
https://sputnik.kz/img/983/72/9837215_0:0:2340:1316_1920x0_80_0_0_666b6992d5fb0ae8fd5d9f3df4049b71.jpg
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Кореяде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін ерікті түрде шыға алады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Бағдарлама былтыр желтоқсан айынан бастап іске қосылған.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көші-қонды азайту және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Корея Республикасының Әділет министрлігімен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде ерікті шығу бағдарламасының уақытын ұзартуға келісті.Бұл шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын азаматтарды қолдауға бағытталған.Бағдарламаға қатысу үшін паспорт, ерікті шығу туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарландыру ұшу күніне 15-тен 3 күн қалғанға дейінгі аралықта Корея Республикасының көші-қон қызметтері арқылы берілуге тиіс.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/72/9837215_239:0:1994:1316_1920x0_80_0_0_b9b44c1477b6c717f6cda53680149dc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, жұмыс, жұмыс берушілер
оңтүстік корея, жұмыс, жұмыс берушілер
Кореяда заңсыз жүргендер елден айыппұл төлемей шыға алады
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Кореяде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін ерікті түрде шыға алады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Корея Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары елден айыппұл төлемей ерікті түрде шыға алады, мұндай жағдайда қайта кіруге тыйым салынбайды. Бұл мүмкіндікті азаматтар биылғы ақпан айының соңына дейін қолдануына болады", - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлама былтыр желтоқсан айынан бастап іске қосылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көші-қонды азайту және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Корея Республикасының Әділет министрлігімен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде ерікті шығу бағдарламасының уақытын ұзартуға келісті.
Бұл шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын азаматтарды қолдауға бағытталған.
"Бағдарлама мәжбүрлі түрде депортациялауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға, сондай-ақ 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заңсыз мәртебеге ие болған шетелдіктерге қолданылмайды", - дейді ведомство.
Бағдарламаға қатысу үшін паспорт, ерікті шығу туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарландыру ұшу күніне 15-тен 3 күн қалғанға дейінгі аралықта Корея Республикасының көші-қон қызметтері арқылы берілуге тиіс.