https://sputnik.kz/20260220/buryn-sondy-bolmagan-betburys---toqaev-beybitshilik-kenesi-turaly-61298494.html
Бұрын-соңды болмаған бетбұрыс - Тоқаев Бейбітшілік кеңесі туралы
Бұрын-соңды болмаған бетбұрыс - Тоқаев Бейбітшілік кеңесі туралы
Sputnik Қазақстан
Бұл – сөз күйінде қалатын қарар қабылдайтын конференция емес, керісінше, нақты әрі мақсатты шаралар арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға үлес қосатын жиын 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T08:06+0500
2026-02-20T08:06+0500
2026-02-20T08:06+0500
президент
ақш
саммит
https://sputnik.kz/img/07ea/02/13/61295459_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fd3afb635557e8cd4769539504f0dc53.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, осы тарихи іс-шараны ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа алғыс айтты. Ол Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым деп санайды."Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында "Жасампаздық арқылы бейбітшілік" атты жаңашыл тұжырымдаманы немесе жобаны іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын", – деді Мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20260219/toqaev-vashingtonda-beybitshilik-kenesinin-otyrysyna-qatysyp-zhatyr-61294206.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/13/61295459_64:0:1216:864_1920x0_80_0_0_6deb1a6c40325a02b0314a634600d964.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ақш, саммит
Бұрын-соңды болмаған бетбұрыс - Тоқаев Бейбітшілік кеңесі туралы
Бұл – сөз күйінде қалатын қарар қабылдайтын конференция емес, керісінше, нақты әрі мақсатты шаралар арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға үлес қосатын жиын
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, осы тарихи іс-шараны ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа алғыс айтты. Ол Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын жеткізді.
"Шын мәнінде, бұл – сөз күйінде қалатын қарар қабылдайтын конференция емес, керісінше, нақты әрі мақсатты шаралар арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға үлес қосатын жиын. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды", – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым деп санайды.
"Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында "Жасампаздық арқылы бейбітшілік" атты жаңашыл тұжырымдаманы немесе жобаны іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын", – деді Мемлекет басшысы.