https://sputnik.kz/20260220/biyl-eldegi-gazdandyru-dengeyi-643-ga-zhetedi---ministrlik-61315249.html
Биыл елдегі газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетеді - министрлік
Биыл елдегі газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетеді - министрлік
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T12:56+0500
2026-02-20T12:56+0500
2026-02-20T12:57+0500
министрлік
газдандыру
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/15/58065886_0:84:1014:655_1920x0_80_0_0_bce277f12b29c3fe001e0ee734c85ee2.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда елімізде 13 миллион адам газға қол жеткізген, деп хабарлады энергетика министрлігі.Министрлік мәліметінше, биыл тағы 40 газдандыру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау мен Жетісу өңірлерін қамтиды.▪️Бас қаланы газдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Астанада 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған."Биыл "Шұбар", "Үркер", "Өндіріс", "Пригородный" және "Garden Village" тұрғын массивтерін қосып, қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елдімекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылатын болады", - дейді министрлікте.Қазір "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынып жатыр. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд кубометр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделіп отыр.Екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу қарастырылған, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд кубометрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260216/2027-zhyly-astanada-telman-zhana-gaz-zhylu-stantsiyasy-iske-qosylady-61210778.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/15/58065886_9:0:969:720_1920x0_80_0_0_d3b3bb205214762d648d5804301bd84b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, газдандыру, ауыл
министрлік, газдандыру, ауыл
Биыл елдегі газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетеді - министрлік
12:56 20.02.2026 (жаңартылды: 12:57 20.02.2026) Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда елімізде 13 миллион адам газға қол жеткізген, деп хабарлады энергетика министрлігі.
"Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен (62,4%) айтарлықтай өсім көрсетеді. 2025 жылы 94 ауылға табиғи газ жеткізіліп, 354 мың тұрғын қамтамасыз етілді", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, биыл тағы 40 газдандыру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау мен Жетісу өңірлерін қамтиды.
▪️Бас қаланы газдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Астанада 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған.
"Биыл "Шұбар", "Үркер", "Өндіріс", "Пригородный" және "Garden Village" тұрғын массивтерін қосып, қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елдімекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылатын болады", - дейді министрлікте.
Қазір "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынып жатыр. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд кубометр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделіп отыр.
Екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу қарастырылған, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд кубометрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.