https://sputnik.kz/20260220/berik-sholpanqulov-qyzmetinen-bosatyldy-61325620.html
Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Ол бұл қызметті 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап атқарды 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T18:00+0500
2026-02-20T18:00+0500
2026-02-20T18:31+0500
ұлттық банк
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/16/53778459_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c0665aa7d1098e89bcc3f0f88c21dae0.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.Ол бұл қызметті 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап атқарды, бұған дейін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болған.Айта кетері, қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында президент 2025 жылы Қазақстандағы банктердің бірі арқылы көршілес елдің 7 трлн теңгеден астам қаражаты "аударылғанын" хабарлады. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға тапсырма берген.Артынша Берік Шолпанқұлов бұл жағдайға түсінік беріп, әңгіме ақшаның тікелей шығарылғаны жайлы емес, жалпы айналым туралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, банкті тексеру әлі жалғасып жатыр, бірақ елеулі құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.Бүгін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 трлн теңге аударылғанын, мемлекет басшысы жалған ақпарат таратпайтынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260220/smadiyarov-prezidenttin-7-trln-tenge-audarylgany-turaly-sozin-tusindirdi-61324987.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/16/53778459_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_376b6b589a15e9c6bbe660bcfce81f39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, қасым-жомарт тоқаев
ұлттық банк, қасым-жомарт тоқаев
Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
18:00 20.02.2026 (жаңартылды: 18:31 20.02.2026) Ол бұл қызметті 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап атқарды
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бұл қызметті 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап атқарды, бұған дейін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болған.
Айта кетері, қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында президент 2025 жылы Қазақстандағы банктердің бірі арқылы көршілес елдің 7 трлн теңгеден астам қаражаты "аударылғанын" хабарлады. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға тапсырма берген.
Артынша Берік Шолпанқұлов бұл жағдайға түсінік беріп, әңгіме ақшаның тікелей шығарылғаны жайлы емес, жалпы айналым туралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, банкті тексеру әлі жалғасып жатыр, бірақ елеулі құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.
Бүгін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 трлн теңге аударылғанын, мемлекет басшысы жалған ақпарат таратпайтынын мәлімдеді.