https://sputnik.kz/20260219/ontustik-koreyanyn-eks-prezidenti-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-61290304.html
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Оған конституциялық құрылымды бұзу мақсатында бүлік ұйымдастырды деген айып тағылды 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T21:07+0500
2026-02-19T21:07+0500
2026-02-19T21:07+0500
оңтүстік корея
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49965574_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_e47416fcc79e554fde544fca5559c94c.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёлді 2024 жылы болған бүлікке басшылық етті деп айыптап, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.Соттың мәліметінше ол бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнмен және өзге де тұлғалармен тәртіпсіздік ұйымдастыру және конституциялық құрылымды бұзу мақсатында сөз байласқан. Бұрынғы қорғаныс министрі 30 жылға бас бостандығынан айырылды.Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында президент "солтүстіккореяшыл күштерді тазарту және либералдық конституциялық құрылысты сақтау" мақсатында елде әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған. Елде цензура енгізіліп, кез келген саяси қызметке тыйым салынды. Парламент ғимаратына армияның арнайы жасағы жіберілді.Соған қарамастан, 300 депутаттың 190-ы қатысқан парламент отырысында әскери жағдайды жою туралы шешім бірауыздан қабылданды. Конституцияға сәйкес, бұдан кейін президент әскери жағдай енгізу туралы шешімді дереу жоюға міндетті еді, алайда Юн Сок Ёль тиісті үндеуді бірнеше сағаттан соң ғана жасады.Оппозиция президентке импичмент жариялауды ұсынды, ал 14 желтоқсанда депутаттар көпшілік дауыспен бұл шешімді қолдады. Юн Сок Ёль биліктен уақытша шеттетілді. Ол 2025 жылдың 15 қаңтарында жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49965574_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_47770c405d5a4446b4db5b08fdf4ba46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, президент
оңтүстік корея, президент
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Оған конституциялық құрылымды бұзу мақсатында бүлік ұйымдастырды деген айып тағылды
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёлді 2024 жылы болған бүлікке басшылық етті деп айыптап, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
"Юн Сок Ёлге қатысты "бүлікке басшылық ету" айыбы негізді деп танылды", - деп хабарлады Iz.ru Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше ол бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнмен және өзге де тұлғалармен тәртіпсіздік ұйымдастыру және конституциялық құрылымды бұзу мақсатында сөз байласқан. Бұрынғы қорғаныс министрі 30 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сотталушы Ким Ён Хён 30 жылға бас бостандығынан айырылады", – деп жариялады сот.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында президент "солтүстіккореяшыл күштерді тазарту және либералдық конституциялық құрылысты сақтау" мақсатында елде әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған. Елде цензура енгізіліп, кез келген саяси қызметке тыйым салынды. Парламент ғимаратына армияның арнайы жасағы жіберілді.
Соған қарамастан, 300 депутаттың 190-ы қатысқан парламент отырысында әскери жағдайды жою туралы шешім бірауыздан қабылданды. Конституцияға сәйкес, бұдан кейін президент әскери жағдай енгізу туралы шешімді дереу жоюға міндетті еді, алайда Юн Сок Ёль тиісті үндеуді бірнеше сағаттан соң ғана жасады.
Оппозиция президентке импичмент жариялауды ұсынды, ал 14 желтоқсанда депутаттар көпшілік дауыспен бұл шешімді қолдады. Юн Сок Ёль биліктен уақытша шеттетілді. Ол 2025 жылдың 15 қаңтарында жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды.